Заманында шындықтың шыңына шыққан шыңырау



Дата13.11.2022
өлшемі19,33 Kb.
#49816
Байланысты:
Заманында шындықтың шыңына шыққан шыңырау


Заманында шындықтың шыңына шыққан шыңырау.
Жаяу Мұса жиырмадан асқан шағынан бастап-ақ ел жағдайына байланысты көптеген көзқарастарын білдірді.Ол өз еліні басты қарулы қаһарманы болған десек артық етпейді.Шенеуніктердің,бай-шонжарлардың шыққан тегіне, болмысына қарамастан елге жасап жатқан әрекеттеріне қарап шыншыл көзқарас білдірген.Сол шығармаларының қатарына «Шормановқа», «Құлбай бай», «Тұтқын зары», «Бұзау зары», «Толғау» сынды ән,өлеңдерді қатарға қоссақ шалыс айтқанымыз емес. Аталған «Бұзау зары» деген өлеңін талдай кетсек, бұл өлеңде бай Мұсаға арналған.
Ей,Мұса,мен неғылдым саған жарқын,
Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын.
Бұзауын ауылымның қырып салдың,
Көрерсің не боларын істің артын,- деп іштегі кек пен ызаны өлең жолдары арқылы жеткізуге тырысады.Өлең жолдары арқылы Мұсаның елге көрсетіп жатқан озбырлығының тағы бір көрінісін көрсек болады.
Мақтанба басыңызда бағыңызда,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда,
Сізге де сорлы болу қиын емес,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.-деп кек деуге келмес,бірақ бойды кернеген ызаның нәтижесінде үлкен бір реніштік көзқарас туындап отырғанын көрсек болады.Екінші шумақтан біз оның адамның биліксіз еш байлығы қалмайтындығын аңғара аламыз.Бұл өлеңнің құрылымын қазіргі таңмен салыстырсақ шығарма атауын «Бұзау зары» деп емес «Ақша зары» деп атау әбестік болмас.
«Толғау» атты шығармасында кедейдің жай-күйін білсек болады.
Қиналды шыбын жаным,ой дүние-ай,
Жалғызбын,әрі кедей,Шорманов бай .
Арам мал саған сірә опа бермес,
Артыңа бір қарашы үңіліп-ай.-деп шыбын жанды кедейдің күйі мен оның ашынған ойын жеткізгісі келеді.Шығармаларының көбі дерлік Шорманның Мұстафасымен байланысты.Бұл өлеңінде ол налып немесе өмірге күйінгені емес,ол тек Шорманның Мұстафасын өзгертер жол іздеді.Өлең арқылы оның әрекеттерінің ешбірі де дұрыс емес екенін жеткізгісі келді.Өлеңдерге зер салып қарасақ,өмірдің қазіргі мәселелері де кездеседі.Экономикалық тұрғыдан оны тек халық бұқарасы ретінде немесе қазіргі халықтың күй-жайын жеткізетін бастамашы лидер ретінде қарастырсақ болады.Әділетсіздікке қарсы жалғыз шыбындай жанын шүберекке түйіп озбырлыққа қарсы әрекет жасайды. Халықтың сол кездегі мұң-зарын өнері арқылы бейнелей алған ол келер ұрпаққа үлкен мұра қалдырды.
Жаныма батқандықтан ашынамын,
Мен неге жаяумын деп басыламын.
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Зорлығын Мұстафаның паш қыламын. – деп «Халау» өлеңінде тағы бір мәрте кедейің зары мен озбырлықтың ащы дәмі туралы жазады.Өлеңнің грамматикалық құрылымының өзінде ызаға толы эмоция байқалады.Танымал болған «Ақсисаны» атамай өтсек дұрыс болмас.Бұл шығарма мысқылдау мақсатында жазылған болса керек. Эмоция мен ызадан гөрі,таныстыру механизмі жақсы айқындалған.
Ақ сиса,қызыл сиса,сиса-сиса,
Қалмайды кімдар жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.-деп Шорманның Мұстафасы жасап отырған озбырлықты әжуалау арқылы жеткізеді.Сол заманда озбырлық, әділетсіздік пен тапқа бөліну ауқымды актуалды тақырып болғандай.Мұса жас шағынан бастап өнерге және білімге өте құштар болып өскені барлығымызға аян.Міне сол уақыттан бастап Мұса ел қамын ойлайтын азамат,болашаққа қол сілтеген адам болғанын әуелден-ақ белгілі.Элегиялық жанрда ашу-ызасы толы өлеңдерден қол алып,әділетсіздікті юмор және әжуамен жеткілікті түрде жеткізеді.Сондай әннің бірі «Құлбай».Сапар атты сүйген ғашығының (кейін әйелі)атасы Құлбайды әжуалап шығарған әні.Сонымен қатар «Қыз күйі», «Қыз бала күйі» деген сияқты атаулы күйлері бар. Барлық жинақтарында осы күйлері қатар тұрады.Көп тыңдаушылардың ойынша,күйлердің сарыны өте ұқсас.
Ең үлкен назар аударатын өлеңдерінің бірі –«Шорманға».Бұл өлең де барлық Шормандардың әулеті туралы айтқан.Көп зерттеушілердің айтуы бойынша Шормандар әулетінен Мұстафа,Садуақас,Біләл,Әужан,Иса атты Шорманның ұлдарының барлығы бірдей екенін жазған.
Шорман ұлы Садуақас,
Қатыны өліп көңілі пәс.
Ғалымдық пен зұлымдық,
Екеуі тұр ғой аралас, - деп бұл шумақта Шорманның ұлы Садуақас туралы айтады.Садуақасты өте жаман етіп көрсетпегенмен,оны екі тұрғыда да сипаттап көрсетеді.
Шорман ұлы сұм Біләл,
Перғауын десең болар ол.
Әужан,Иса,Мұсасының,
Бөлегі жоқ бәрі бір, - деп Шорманның басқа да ұлдары туралы айтады.Бұл өлең жолдарынан оның барлық ұлдары бірдей екенін айтады.Мұсаның айтуы бойынша Шорманның ұлдары адами қасиеттері жағынан өте төмен адамдар екенін жеткізеді.Шорманның ұрпақтарының барлығы да озбырлық иелерінің шыңындағы адамдар деп айтады.Сонымен қатар, Шорманның ұрпағынан басқа Шәкеннің ұлы Түсіпбек туралы да айтады.
Шәкен ұлы Түсіпбек,
Жәй жүрмейді о да тек.
Халқына зәбір келген соң,Шәкеннің ұлы туралы да қысқа ақпарат беріп кетеді.Сонымен қатар ерекше атап өтетін, «Тұтқын зары» деп аталатын әні де бар.Бірақ біршама еңбектерде бұл әннің үзіндісі де жоқ. Сонымен қатар, Мұстафа мен Мұсаның арасындағы келеңсіздіктерді толық ашып қарастырсақ дұрыс болады.Шындық деп шырылдаған Мұсаның түбіне жету үшін Шорманның Мұстафасы өте үлкен әрекеттер жасайды.Ол әрекеттер қаншалықты үлкен болғанымен , өте пасық іс-қимылдар еді.
“Бір елге екі Мұса көп. Шорманның Мұсасы тұрғанда басқа қазақ баласы Мұса бола алмайды. Қояндыдан қой айдап қайтқан ноғай саудагерінің қойының соңынан Қызылжарға жаяу кетті деп естігем. Сен мұнан былай “Жаяу” атанасың”, - деген Шорманның Мұстафасының келісімі қандай ақылға сыяды? – деп Мұсаның жалғыз атын тартып алады.Осы оқиғадан «Ақсиса» әні туындайды.Қазіргі таңда Жаяу Мұса шығармашылығында ең танымал туындысы.
Билігі жүріп тұрған Шормановтар әр түрлі жала жауып, нақақтан нақақ 1860 жылы оны Тобылға 12 жылға жер аудартады. «Сүйіндік», «Тұтқын зары» әндері осы кезде шыққан.Тобылға жер аударылар кезінде,Мұсамен қоштасу үшін барлық ауыл тұрғындары көше басына жиналады.Себебі,Мұсаның ел үшін деп өмір сүргенін халық толықтай түсінді және оның жала жабылып құр босқа өмірін ысырап еткенін ойлап қара халық қынжылады.Әрине, өкініш білдіргенмен, оқиғаны өзгерту мүмкін емес еді.Тұтқында өзінің 2 жыл уақытын өтегеннен кейін, өз қалауымен әскерге сұранады.Әскер қатарында да бірнеше қиындықтарға тап болады.Әскер қатарында Литвада,Орта Азия мен Қазақстанға қатысты отрядтарда қызмет атқарады.Шымкент,Әулиеата,Верный сияқты қалаларда әскери жорықтарға қатысады.Одан бостандыққа шыққаннан соң,өз ауылына оралып шенді қызмет атқарады.Бірақ әдеттегідей Шорманның ұрпақтары ескі жараны қайта тырнай бастайды.Осы жайды әшкерелеу мақсатында Петербургке аттанады.Бірақ шенді өкілдерден қолдау таппайды.Ел аралап, соңында өз еліне қайта оралады. Елінде тыныштық болмаған соң, бас сауғалап жан-жақтағы елдерде тығылып ғұмыр кешеді.Кейіннен болашақ жары Сапардың ауылында біраз қонақтайды.Сол кезде Сапармен танысады.Бірақ ол елде де озбырлықтың иісі аңқып тұрған еді. Ол сол елде қонақтап жатса да , зорлық-зомбылықпен күресуін тоқтатпайды.Сол елде біраз уақыт тұрақтағаннан кейін, өз елінен хабар келеді.Шорманның Мұстафасы Мұсаның өзіне жете алмаған соң,оның туған-туыстарының түбіне жетпекші болады.Сол әрекеттердің бірі-Мұсаның туған-туыстарының жайылымдарын тартып алады.Сол себептен Мұсаның көңілі жай болмайды.
Тағы да бір шенділер туралы астарлап айтқан өлеңі – «Кедей өлеңі».Бұл өлең арқылы ол өзінің ойын ашық түрде жеткізбеген.Бұл өлеңнің астары мен ойы өте терең.
Құлағың сал,ал,кедей,
Мына сөзге шамалай.
Кедейлерді теңгерген,
Большевиктер заман –ай,- деп өмірге зарын айтқандай сезім сыйлайды.Бұл кедейдің кедейге айтқан зарының бір түріне ұқсас болып табылады.
С.Мусиннің айтылуы бойынша жазылған «Арап батыр» өлеңі де бар.Бұл әннің атауы зарлы ойды білдірмесе де, ашу мен ыза-кекті білдіреді.
Мұсаның құтылмадым ойынынан,
Араптың құтылмадым ғой сойылынан.
Ел жегіш төре,қара ұрылары,
Мініп ап түспей қойды мойынымнан,-деп батыл түрде ойын жеткізе біледі.Ел басында отырған шенділердің әрекеттерін ән арқылы жеткізгісі келеді.Өлеңді нағыз түсінетін болса жоғарыда аталған әндердің барлығы үлкен мағынаға ,терең ойға ие.
Осы бөлімді қорытындылай келсек,бұл бөлім Мұсаның өтіріктің шырмауында байланып қалмай,шындықтың шыңырауында күрескер болған.Бұл күрестің негізгі идеясы- шындықтың шыңына шығу еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет