«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет31/53
Дата01.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54193
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

 
Қолдану
Тапсырма 
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз. 
Пайда болды ... 
Дүниежүзілік ... 
Талпынды ... 
Сияқты ... 
Даму ... 
Таңқаларлық ... 
Заманға сай ... 
Бірінші ... 
Керемет ... 
Талантты ... 
1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы 
барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып 
табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір 
ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – 
көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын 
берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл 
әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: 
Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель 
мұнарасы… 
«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар 
ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге 
Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.
Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-
техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен 
лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары
сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш 
қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді. 
Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, 
Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі 
суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет 
галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін 
салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы 
Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды. 
 
2. Ұсынылған сөйлемдерді перифраз тәсілімен қайта өңдеп жазыңыз.
Сөйлемге 


44 
айналдыруда сөз таптарының сөйлемде орналасу тәртібін ескеріңіз. 
1) 1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық 
экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. 
Қаланың орталығындағы_____________________________________________________ 
2) «ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар 
ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. 
«Әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті_____________________________________ 
3) Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар әр жылдары 
Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді. 
Бүкіләлемдік көрмелерде_____________________________________________________ 
4) 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған 
«Герниканы» ұсынды. 
ХХ ғасырдың______________________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет