68
Оқу мақсаты
9.4.4.1. Тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер
құрастыруда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме
көрсетіп жазу
Бағалау критерийлері
Білім алушы:
Мәліметтерді
жинақтап
мәтін
құрастырады,
дереккөздерге сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақстандағы статистика орталығының қызметкері мен тілші арасындағы сұхбаттың
мәтінін жазыңыз. Сұхбат мазмұнында мәтіндегі ақпараттарға сілтеме жасап қолданыңыз.
Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу,
босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынас тәрізді мәселелер енеді.
Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Адамзат санының жылдам
артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Осы үрдісті азайту үшін жасалған көптеген
әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде
«демографиялық жарылыс» орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың
өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан
болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-
ғалым Джеймс Лавлок), Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп
есептейді.
Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық
тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа
бағыты. Ол – демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын
зерттейтін бағыты. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық
санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен
түсіндіруге болады.
ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың
жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны
бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары
өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының
тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.
Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде
табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық
жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер
пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің
арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы
айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға,
мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-
қонуына экономикалық және саяси мәселелер, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен
иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық
санын кемітеді.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: