А мәтіні
|
Ә мәтіні
|
|
Стилі, себебі ...
|
|
|
|
[2]
|
Жанры, себебі ...
|
|
|
|
[1]
|
Ұқсастығы
|
|
|
[1]
|
Айырмашылығы
|
|
|
|
[1]
|
Жазылым
Берілген 4 сұрақтың біреуін таңда. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. [10]
1. ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі
2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2. Биотехнологиялық жаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж
3. Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4. Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.
Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз (8-11 сөйлем).
Ұсынылатын тақырыптар:
1. ЭКСПО – 2017 көрмесі қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?
2. Соңғы уақытта қандай биотехнологиялық жаңалықтар туралы білдіңіз?
3. Еліміз болашақ энергия көздерін тиімді пайдалану үшін қандай кедергілерге тап болуда?
4. Алаш идеясының мақсаты қандай болды?
5. Қандай Алаш қайраткерлерінің еңбектерімен таныссыз? Не туралы?
мәтінін жазыңыз.
[10]
І нұсқа
Транскрипт
«Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы бола отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруге, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы түрлерінің тең жартысы өндірілуі тиіс», – делінген. Қазіргі кезде Қазақстанда Күн, жел, су энергияларын пайдалану жоғары деңгейде емес.
Мамандардың есебі бойынша, елімізде баламалы энергия көздерінен өндірілетін энергия жалпы энергияның 1 пайызы ғана екен. Еліміздің жер қойнауы мұнай мен көмірге, басқа да пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз. Бірақ жер қойнауындағы қазбаларымызды шексіз деп айтуға болмайды. Оның экологиялық зардаптары – жеке мәселе... (Ескерту: кідіріс жасалып, оқушы бірінші сұраққа жауап беруі керек).
Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына жарты ғасырға жуық өмірін арнады. Ташкент қаласында жұмыс істеп жүргенінде ол баламалы энергия көзін өндіру ісін бастады. Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 шаршы метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады. Осы қондырғымен екі қабатты ғимаратты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етті. Кейін Алматы қаласына келгеннен кейін де зерттеу жұмысын жалғастырды. Ол Үлкен Алматы каналын салу құрылысы кезінде күн энергиясын пайдаланып, тәулігіне 100-ге жуық адамды ыстық сумен қамтамасыз етті. Өкінішке орай, сол кезде жер қойнауындағы пайдалы қазбалар әлі де жеткілікті болғандықтан, баламалы энергия көздерін пайдалану қажет болмай қалды.
Ал 2013-2015 жылдары ол зерттеу жұмыстарының грантын жеңіп алды, сөйтіп шағын су электр стансасын іске қосты. Аталған қондырғы EXPO – 2017 халықаралық көрмесінде шетелдік мамандар тарапынан өз бағасын алды.
Ол кісі аталған қондырғыны болашақта жел турбинасымен, күн панелімен біріктіріп, әмбебап баламалы энергия көзін жасауды жоспарлап отыр.
І нұсқа
Транскрипт
Биотехнология болашақтың технологиясы. Қазіргі күні дүниежүзі тоқсан бесінші маркалы бензинді қолданады. Бензиннің он пайызын мұнайдан алынбайтын биоэтанол құрайды. Оның құрамында ауаны ластайтын зиян зат жоқ. Ол мұнай өніміне тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.
"Биоэтанол" дегеніміз – өсімдіктектес шикізаттан алынатын спирт. Бүгінгі таңда бұл спиртті құрамында қанты (мысалы, қызылша) мен крахмалы көп өнімдер мен бидайдан алады.
Бірақ ғалымдар бұдан бас тартып, биоэтанолды құрамында целлюлозасы көп өнімдерден, яғни қажетке жарамайтын, лақтырылатын сабан, ағаш діңі секілді материалдардан да ала бастады.
Егіс далаларында бос жатқан, өнімділікті азайтатын сабанды немесе тағамға пайдаланылмайтын, күтімді қажет етпейтін өсімдіктектес шөптерді Қазақстан даласында өсіруге болады. Болашақта олардан алынатын целлюлоза аркылы еліміздің
жанар-жағармайға тәуелділігін толық жабуға болады.
Олар Жерге қайтуға асықты. Бейтаныс ғаламшарда болған уақыт та ізін бермей өте шыққан. Жұлдызаралық сапардың бір ерекшілігі де уақыттың осындай санаулылығында. Әйтпесе мына көз алдарындағы ғажайып әлемді ешқайсысы да қиып тастап кетпес еді. Әлі де жүре бермек. Бірақ «уақыт» деген бәрінен де қатаң. Мына ғаламшардың бетін көмкеріп жатқан сан түрлі хош иісті гүлдер мен өсімдіктердің нәзіктігіндей емес. Бір ғана өсімдіктің өзі талай тағдырды шешеді. Сондықтан да ойлануға тура келген.
Кеме басшысы – Мерген Тұрлығазыұлы жан-жағын жіті бақылап ілгері бастап келеді. Айнала қалың шөп, самсаған неше түрлі гүлдер. «Тек қана өсімдік пен гүлдерден тұратын мұндай да ғаламшар болады екен-ау!» — деп таңданған еді Мерген алғашында. Бірақ ғаламшар тіршілігіне бірте-бірте көз үйрене бастаған кезде осы өсімдік пен гүлдер әлемінің де өзінше бір бөлек тіршілік кешіп жатқан біртұтас елдей екеніне көз жеткізе бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: |