Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу 1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
|
Тақырыптар
|
Оқу мақсаттары
|
*Тапсырма түрлері
|
Балл
|
Тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормалары
|
Ауа райы және климаттық өзгерістер
Көшпенділер мәдениеті
Денсаулық– зор байлық
|
7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
7. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу
7.ӘТН 4.1; Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану
7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
10
|
Оқылым және әдеби тіл нормалары
|
7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау
7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере
отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
10
|
Жазылым және әдеби тіл нормалары
|
|
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу
7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес
орфографиялық нормаға сай жазу
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
10
|
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Достарыңызбен бөлісу: |