22. Критериалды бағалаудың түрлері. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып бөлінеді.Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады,ол жеке қосымша тапсырма немесе ретінде қаралмайды. Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасының оқыту мақсатының бәрін қамтуы керек. Оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алу керек. Осы оқу мақсаты мұғаліммен оқушыға дағдының және түсініктің прогресін пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді.
Тоқсан басында мұғалім қалыптастырушы бағалау үшін іріктелінген оқу мақсаттары оқу жоспарында қамтылғанын анықтауы қажет. Бұл оған қалыптастырушы бағалауда өз жұмысын ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұсынылған оқу жоспарындағы жұмыс оқуға қалай мүмкіндік беретінін көрсетеді. Алайда, мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін және оқу контекстісін ескере отырып өз тапсырмаларын дайындауына болады. Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім оқушымен оқу мақсатында қашан жеткенін көрсете отырып,оның прогресін белгілейді. Және де келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші бола алады. Оқушылармен бірге іріктелген оқу мақсаты «жетті» және «талпынды» бойынша рефлексия жүргізуіне болады және сабақ беру үдерісінде оқу мақсатына әлі де талпынатын оқушылардың оқу мақсатына жету мүмкіндігін қарастырып бейіндеуі қажет. Рефлексиядан кейін оқушыларға кері байланысты беру аса маңызды.Оқу мақсатына сүйеніп,оқушылар қай жерде жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға болады.
Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. Оқушылардың үлгерімін бақылау тоқсанның соңында оқу материалдарының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және тіркеп отыру үшін тақырыптық жиынтық бағалау түрінде оқытушылар жүзеге асырады.Бөлім / өтпелі тақырыбы бойынша алынатын жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша (бұдан әрі - БЖБ) оқушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін баллдар қойылады.БЖБ тоқсанның екінші жартысында бір рет, оның аяқталуынан кемінде екі апта бұрын, тоқсанның бір бөлімін (тақырыпты) өту барысында өткізіледі. Оны екі кезеңде өткізуге рұқсат етіледі.