Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары



бет1/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
казак т


Қазақ тілі


1. Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары.

-Критериалды бағалау ұғымын Р.Глейзер (1963) деген ағылшындық ғалым қолданған. Қазіргі күні бұл бағалау жүйесін дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдері кеңінен қолданып отыр. Ең алдымен сабақтың оқу мақсатына орай критерийлер беріледі. Қарапайым тілмен айтқанда, критериалды бағалау – бұл баланың сабақтың мақсатына жетуін бағалайтын өлшемдер. Әр мектепте критериалды бағалаудың өз үйлестірушілері болуы керек. Бүкіл бағалау үдерісін сол үйлестірушілер жоспарлайды, ұйымдастырады және өткізуді басқарады. Мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстарда мағлұмат алады. Бұрын біз оқушы білімін «Мына бала тапсырманы жақсы орындады, ана бала одан төменірек деп» салыстырмалы түрде бағалайтынбыз. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша білім беру стандартына негізделген оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен өлшенген нақты критерийлер пән бойынша беріледі. Сол арқылы бағалаймыз. Бұл бағалау жүйесі бойынша Өскеменде тұрғанда үздік оқыған бала Астана, Алматыға көшіп барса да, сол үздік бағасын ақтап шығуы тиіс. Критериалды бағалау – біздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа бағалау жүйесі ғой. Дәстүрлі бағалау жүйесінен негізгі айырмашылығы – критериалды бағалау жүйесінде сабақтың тақырыбына байланысты оқу мақсатына сай бағалау критерийі нақтыланады. Мұғалімнің мақсаты – осы бағалау критерийін тақырыпты берген кезде балаға таныстыру. Бала бағалау критерийін біле отырып, өзінің алдына мақсат қоюы керек. Сабақта оқушы бағалау критерийіне байланысты әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындайды. Әр тапсырмаға дескрипторлар беріледі. Сол бағалау критерийлері мен дескрипторге байланысты баланың алға жылжуын мұғалім ғана емес, баланың өзі де бақылап, бағалап отыруы тиіс. Ертеректе біз бес балдық жүйемен 2, 3, 4, 5 деген бағаны ешқандай түсініктеме бермей қоя салатынбыз. Бала өзі дайындаған тапсырманы айтып, бесін, төртін алатын. Тіпті, үш қойылған оқушы не үшін үш алғанын түсінбейтін. Ал мына критериалды бағалау бойынша бала тапсырманы орындауда қай жерде тұрғанын түсініп тұрады. Мысалы, тапсырма берілді. 


Тапсырмаға дескрипторлар берілді. Дескриптор дегеніміз – баланың тапсырманы орындау кезінде жасайтын қадамдары. Мысалы, мен орташа оқитын оқушымын делік. Мен барлық дескрипторды орындай алмасам, яғни мен толық жетістікке әлі жеткен жоқпын деген сөз. Көрдіңіз бе, қандай нәтижеге жетпей тұрғанын алдымен бала өзі бағалауы тиіс. Одан кейін мұғалім сол баланың қандай жетістікке жеткенін көре отырып, кері байланыс орнатып, балаға алға жылжуға мүмкіндік береді. Менің айтарым, бұл бағалау жүйесі оқушыға тек сабақта ғана емес, жалпы өмірде де өзін-өзі бағалауға, сондай-ақ қоғамда болып жатқан іс-әрекеттерге де сын тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Баланың санасы өзгеріп, өзінің іс-әрекетін реттеуге күш салады. Кейде мұғалім беске жетпей тұрса да балаға бес немесе төртке жетпей тұрса да төрт қойып жіберетін. Ал критериалды бағалауда салыстырып бағалау деген жоқ. Баланың білімі стандартта берілген деңгеймен бағаланады. Мысалы, бастауыш сыныптарда 21-50 пайыздың аралығы үш болып есептеледі. 50 пайыз алған баланың үші толық үш деп бағаланады. Критериалды бағалауда мынаған артық немесе кем қойып қойдың деген әңгіме жоқ. Пайызбен бағаны шығарғанда нақтысы шыға келеді. Мысалы, 1-2 сыныптарда 81-100 пайыз балдың аралығы бес болып есептеледі. Десе де 81 пайыз балл алған бала әлі де 100 пайызға жетуге ұмтылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылықтары өте көп. Критериалды бағалауда мұғалімдер қалыптастырушы бағалауға өте қатты мән береді. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Бұдан бөлек, жиынтық бағалау деген де бар. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер, ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (бөлім, тоқсан, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет