4. Бастауыш сыныпта лексиканы оқыту ерекшеліктері, әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау жолдары. Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысын түсінуіне, сөйтіп, бүкіл тілдің жүйені тұтас ұғып, оған материалистік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Лексиканы оқытуда алға қойылатын бұл екі мақсаттың бүгінгі жастарды заманымызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан да лексикалық ұғымдар жоғарыда айтылған 4-5-сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, тәжірибелік маңызы ашыла түсуі керек. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық таныта алмайды. Ондағы (сөздегі) сан алуан мән-мағына грамматикалық байланыста ашылып, жанды көрінісін, қабілетін таныта алады.
Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі арнайы өтілетін курс та, екіншісі - өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. Әуелі 4-5-сыныптарда өтілетін арнайы курстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болады
Жаттығу жүргізудің әдіс-тәсілдері сан алуан. Тәжірибелі мұғалімдер оны әр мақсатта түрлендіріп жүргізеді. Атап айтқанда, озат мұғалімдер қазіргі кезде жаттығуды былайша орындатып жүр:
1. Сабақтың құрылысы, бөлшектері мен мақсатына байланысты жаттығулар жүргізу. Олар:
- өткен материалды қайталап, естеріне түсіруге байланысты теориялық анықтама, ережелерге мысалдар ойлап таптыру;
- жаңа материалды сапалы ұғыну үшін бекіту жаттығуларын жүргізу;
- үй тапсырмасына байланысты жаттығулар орындаттыру т.б.
2. Оқушылардың бұрынғы білімі мен жаңа игерілетін материалдарды байланыстырып, тіл білімінің жүйесін түсіндіру үшін жаттығу жүргізу;
3. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жаттығу жүргізу. Онда: ойын элементтерін пайдалану, кеспе, кесте, сызба т.б. түрлерін пайдалану;
4. Оқушының ойын, тілін дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіру үшін жаттығу жүргізу.