201-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, әрқайсысына тақырыптар қойып, жоспар құрыңыздар.
202-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар. Үлгіде берілген сұхбатты оқып, танысыңыздар.
Ү л г і : – Ж. Аймауытов қай жылы, не себеппен тұтқынға алынды?
– 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен
1931 жылы өлім жазасына кесіледі.
– Оның шығармалары халыққа таралып тұрды ма?
– Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы ол атылғаннан кейінгі
алпыс жыл бойы ауызға алынбады. Кеңес үкіметі тұсында ол туралы
айтуға да, жазуға да тыйым салынды.
– Қашан оның шығармалары жарық көрді?
– Кеңес үкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін
ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық
кітабы жарық көрді, зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан
бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.
203-тапсырма. Буын дегеніміз не, оның неше түрі бар? Сұрақтарға жауап беріп мысалдармен түсіндіріңіздер. Сөздегі бар дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын дейміз. Сөз ішінде неше дауысты болса, сонша буын болады.
Слог – это гласный звук или сочетание гласного звука с одним или несколькими согласными звуками, произносимые одним выдыхательным толчком. В казахском языке существует три вида слогов: 1. ашық буын (открытый слог); 2. тұйық буын (полузакрытый слог); 3. бітеу буын (закрытый слог). Ашық буын (Открытый слог) Слог, состоящий только из одной гласной фонемы или начинающийся с согласного и оканчивающийся на гласный, называется открытым. Например: а-та, ба-ла, і-ні, те-рек, ал-ма.