«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т.б. тереңірек білуге бағыттап оқытады. Бұл пәнді оқу арқылы, Қазақстанның қалыптасу тарихын, елін, жерін қорғаған хандар мен батырларының, көсемдер мен сөз шеберлері билердің, алты алаш арыстарының ғылым, білімді дамытуға қосқан үлестерін меңгереді және мамандықтарына сай кәсіби тілді болашақта қатынас құралы ретінде игеріп шығады.
Қазақ тілі пәнінмемлекеттік тілді орыс тілді мектептерде оқыту негізінде, оның қатысымдық жағын күшейтіп, ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабына баса назар аударылу керек. Кешенді қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгерген оқушы осы пәннен алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери бағытта толық пайдалана алады.
Пәннің мазмұны: Соңғы жылдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны дамытудың әр қырынан қамтылған көптеген шаралары көрсетіліп, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жолдары қарастырылған бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Бұл оқу үрдісіндегі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.
Жаңа ғасырдағы жаңа ағымдарға сай талаптар бойынша, білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға бағытталған білім беру үшін, жаңа технологияны пайдаланып, оқытуға ерекше назар аударылуда. Бұл арада оқушылар мәтінмен жұмыс істетуді дағдыландырудың қажеттілігі туады. Тіршіліктегі барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.
Пәнді оқып, меңгерулері және аталған талаптардан шығулары үшін соқушыларға мыналарды білулері қажет: