1.Алаш зиялыларының көздеген мақсаты бүгінде жүзеге аста ма? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
2.Латын графикасына көшу жолында қандай қиындықтар кездесуі мүмкін?
Мектеп газетіне осы мәселе төңірегінде мақала жазыңыз.
бөлім. «Əлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті»
3.Қазіргі жаһандану дәуірінде әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан жаңалықтар дүниежүзі тұрғындарының назарына бірден ілінеді. Әлем жаңалығы тек өз елінің ғана емес, өзге елдердің пікіріне, тұрмыс-тіршілігіне, тіпті, дамуына да өз ықпалын тигізуі мүмкін.
Жаһандану кезіндегі ғаламтор қолданушыларының артуы мен тәуелсіз блогерлердің көбеюінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Пікіріңізді дәлелдеп, эссе жазыңыз.
4. Қазақ өнерін және мәдениетін насихаттап, жергілікті газет бетіне жастарға арнап, «Мен сүйетін өнер» деген тақырыпта мақала жазыңыз. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________