Оқылым. Тапсырмаларды орындаңыз. Қазіргі уақытта мені жастардың алға қарай талпынысы, дүниеге көзқарасы, білімге құлаш ұруы сүйсінтеді. Қазіргі қоғамның талабына сай өмір сүргісі келетінін құптауымыз керек. Олай дейтін себебім, біріншіден, жастарға желікпелік тән. Мысал ретінде айтайын, алға қарай ұмтылып, шауып бара жатқан жүз жастың тоқсанында желікпелік басым, ал қалғанында белгілі бір мақсат бар. Сондықтан оларды желікпен және мақсатты жастар деп бөлуге болады. Екіншіден, қазір еліміздің басына күн туып, еліміз ауыр кезеңді басынан өткізіп жатқан жоқ. Сондықтан бүгінгі жастар патриотизм ұғымын терең түсіне бермейді, әрі отансүйгіштіктің қадірін жете қойған жоқ. Әр нәрсенің дәмін татпай, адам баласы қадірін біле бермейді. Сол секілді бүгінгі жастар отанға деген сүйіспеншілікті сезінген жоқ. Тек сөз жүзінде ғана айтып жүр. Жастардың туған ел, Отан алдында адал қызмет етулерін тілеймін.
Бақытбек Ысқақов 1
.Оқылым мәтініндегі қазіргі жастардың атына айтылған сынды «9 ромб» кестесіне орналастырыңыз. 6 маңызды қасиетті ромбтың жоғарғы бөлігіне, 3 маңыздылығы төмен қасиетті ромбтың төменгі бөлігіне жазыңыз.
/3 балл/
2.Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) мақала
В) әңгіме
С) сұхбат
D) очерк
3. Жанрға тән ерекшелікті жазыңыз. _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________/2 балл/