Байланысты: 10 сынып ТЖБ ІІ тоқсан казак тили гуман
20
10
минут
30
Тыңдалым мен айтылым Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз. /10/ 1-мәтін. Қазақтарға қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Бұл қасиет ғасырлар бойы қалыптасқан. Үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу дәстүр болған. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетуден бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге шағым айтқан. Ал би әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салған. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақта ежелден келе жатқан ғұрыптың бірі – дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигенше жібермейтін, «қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтың тағы бір жақсы әдет-ғұрпы – ерулік беру. Жаңадан көшіп келгендерді көршілері арнайы дастарханға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Осыдан соң көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, ондағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болады.
Көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі – қалау. Дүниеге жас нәресте келген соң, тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шеше өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алған.
2-мәтін Қазақтардың отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Дүниеге келген жас нәрестеге азан шақырып ат қояды. Жасы үлкен туыстардың бірі Құраннан аят оқып,нәрестенің атын оның құлағына үш рет айқайлап айтады. Ер баланы 3,5 пен 7 жас аралағында сүндетке отырғызып, қонақ шақырып, ат шаптырып, дүркіретіп той береді.
Ата-ана ұлының үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынандай болған: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, қыз ұзату тойы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі.
Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін, жігін жағы қыздың қалың малын төлейтін. Қалың мал әдетте мал басымен есептелетін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне киіт кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйластық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады.
Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де маңызы зор болды. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, әр түліктен тұратын мал басы кіретін болған. Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып бөлек шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де: отауы, төсек-орны мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болған.
Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, 2 сұрақ құрастырыңыз. Құрастырған сұрақтарыңызды жұбыңызға қойыңыз, жауабын бағалаңыз. Сұраққа жауап беру барысында жұбыңыздың сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуін бағалаңыз.