Қазақ тілі пәнінен 3-тоқсан бойынша тжб тыңдалым және айтылым I нұсқа Тапсырма



бет3/11
Дата13.03.2023
өлшемі52,59 Kb.
#73934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 ТОҚСАН ТЖБ 5,7

Ә мәтіні
Мұрагер
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

  • Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,— дейді.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
—Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
—Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:
—Мұндай белдікті ешкім, ешқашан тағынып көрген емес,—дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:
—Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі:
—Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ.Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар,— дейді. Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
—Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды.
Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.


4.Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының ... [1]

    1. киім киісін

    2. қазына мөлшерін

    3. өзін көрсетуін

    4. өмірге бейімділігін

  1. Мәтіннің қай бөлігінде қымбат киім киген ұлы туралы айтылған? [1]

  1. басында

  2. ортасында

  3. соңында




  1. Мәтіндегі ақсақал неліктен мұрагерлігін кенжесіне тапсырады? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. [3]

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым
Білім алушы екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Жазба жұмысын (эссе) орындау керек.Зат есімдердің мағыналық түрлерін жалғаулар арқылы қолданады



  1. 1.Қазақстанда велосипед жүргізушілеріне бұдан былай тротуармен жүруге тыйым салынады. Тек қана велосипед жолақшаларын не көлік жолдарын пайдалануға рұқсат беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет