Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмасы
I нұсқа
1. Меңзеу (синекдоха) дегеніміз не?
а) Шешендік сөздің тілдік белгісі.
ә) Затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыру.
б) Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, көптің орнына жекені немесе керісінше ауыстырып қолдану тәсілі.
в) Публицистикалық стильге дыбыстарды үндестіріп қолдану тәсілі.
г) Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым.
[1б]
2. Логикалық сабақтастыққа құрылған ойдың анық, дәл, дәлелді берілуі қай стильге тән ерекшелік?
а) Ресми іс-қағаздар
ә) Ғылыми
б) Ауызекі сөйлеу
в) Көркем әдебиет
г) Публицистикалық
[1б]
3. Белгілі бір мәселені арнайы жиналған топтың алдында талқыға салатын пікірталастың түрі?
а) ырғақ
ә) диспут
б) метономия
в) айтыс
г) дебат
[1б]
4. Ғылыми стильде жазылатын жұмыс түрлерін көрсет.
а) әңгіме, өлең
ә) өмірбаян, өтініш
б) очерк, репортаж
в) реферат, оқулық
г) мақала, роман
[1б]
5. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін белгіле.
а) очерк, сұхбат
ә) поэма, курстық жұмыс
б) диалог, монолог
в) түсініктеме, арыз
г) әңгіме, роман
[1б]
6. Аристотель «Риторика» деп аталатын еңбегінде шешендіктің қанша элементтен тұратынын көрсеткен?
а) екі
ә) үш
б) төрт
в) бес
г) алты
[1б]
7. Бұл заманда не ғаріп?
Қадірін біліп ұқпаса,
Дүррі гауһар сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар тез ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп – берілген шешендік сөздің түрін анықтаңыз.
а) шешендік дау
ә) шешендік арнау
б) шешендік толғау
в) айтыс
г) сөзталас
[1б]
8. «Сен жаралы жолбарыс ең, мен киіктің лағы ем» - берілген қолданыс троптың қай түріне жатады?
а) метафора
ә) синекдоха
б) метонимия
в) ассонанс
г) аллитерация
[1б]
9. Эпитет дегеніміз не?
а) Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым.
ә) Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
б) Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану.
в) Тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
г) Затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыру.
[1б]
10.Бата, алғыс, сын шешендік сөздің қандай түріне жатады?
а) шешендік дау
ә) шешендік арнау
б) шешендік тілек
в) шешендік көңіл айту
г) сөзталас
[1б]
11. Элизияға ұшырайтын тіркесті анықтаңыз.
а) ақ лақ
ә) қара сиыр
б) көк орамал
в) ала ат
г) Екібастұз
[1б]
12. Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздар қатарын белгілеңіз.
а) қолхат, бұйрық
ә) хабарландыру, тапсырыс
б) сенімхат, шарт
в) қызметтік хаттар, үкім
г) өмірбаян, өтініш
[1б]
13. «Қызықтырар білім көздің құртындай, ой-орданың келіп қонған жұртындай» - берілген қолданыс көркемдеу тәсілінің қай түріне жатады?
а) кейіптеу
ә) эпитет
б) теңеу
в) метафора
г) антитеза
[1б]
14. Публицистикалық стильдің ауызша түрін белгілеңіз.
а) кейіптеу
ә) инверсия
б) энциклопедия
в) мақала
г) телевизия тілі
[1б]
15. Ассонанс дегеніміз не?
а) Дауыссыз дыбыстардың бірыңғай қайталануы.
ә) Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
б) Дауысты дыбыстардың үндесе қайталануынан тұратын стилистикалық айшықтаудың түрі.
в) Шешендік сөздің тілдік белгісі.
г) Затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыру.
[1б]
16. «Үлкен адам болу үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек адамға!» - берілген үзіндіден қайталаудың түрлерін белгіле.
а) анафора, эпифора
ә) инверсия, антитеза
б) метафора, метонимия
в) меңзеу, элизия
г) риторикалық сұрақ
[1б]
17. Шешендік дау неше түрге бөлінеді?
а) үш
ә) төрт
б) бес
в) алты
г) жеті
[1б]
18. Ауызша мәтінге тән қатарды белгілеңіз?
а) Визуалды түрде жүзеге асырылады.
ә) Қарым-қатынасқа түсушілердің арасында жекелеген байланыс болмайды.
б) Статикалық (тұрақты) сипатқа тән.
в) Акустикалық тұрғыда жүзеге асырылады.
г) Әр кезеңде, түрлі кеңістік пен уақыт аралығында жүзеге асырыла береді.
[1б]
19. Шешендік сөзді саясат шешендік сөз, билік шешендік сөз, білімдар шешендік сөз, қошемет шешендік сөз, уағыз шешендік сөз деп бөлген ғалымды белгілеңіз?
а) Аристотель
ә) Сократ
б) А.Байтұрсынұлы
в) Г.Апресян
г) Ы.Алтынсарин
[1б]
20. Мәтін ақпаратты тасымалдау түріне қарай қалай бөлінеді?
а) гуманитарлық, тарихи, танымдық
ә) суреттеу, әңгімелеу, пайымдау
б) микромәтін, макромәтін, күрделі мәтін
в) ауызша, жазбаша, электронды
г) шағын, күрделі, жалаң
[1б]
21. Сыни пікірдің негізгі түрін белгілеңіз.
а) ғылыми сыни пікір
ә) публицистикалық сыни пікір
б) ауызша сыни пікір
в) жазбаша сыни пікір
г) күрделі сыни пікір
[1б]
22. Тақырып дегеніміз не?
а) мәтіндегі оқиға мен ойдың түйіні
ә) сөйлемдердің байланысуы
б) тіркесіп келетін сөздер
в) сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың байланысы
г) күрделі сыни пікір
[1б]
23. Мәтін бөліктері?
а) сөз, сөз тіркесі, сөйлем
ә) абзац, негізгі ой, суреттеу
б) баяндау, пайымдау, әңгімелеу
в) кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер
г) сын, пікір, ой
[1б]
24. Ой аяқталмай, тұспалмен көрсетілген кезде қолданылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
а) сызықша
ә) көп нүкте
б) нүктелі үтір
в) тырнақша
г) жақша
[1б]
25. «Бұған таяу отырған - Ыбырайдың Ысқағы» - берілген сөйлемде сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз?
а) Бастауыш та, баяндауыш та бір сөз табынан жасалған.
ә) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен жасалып тұр.
б) Бастауыш есімшенің жұрнағынан, баяндауыш зат есімнен жасалған.
в) Бастауыш пен баяндауыш етістіктен жасалғандықтан.
г) Сызықша қойылмау қажет.
[1б]
Достарыңызбен бөлісу: |