Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмасы I нұсқа


Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмасы



бет2/3
Дата22.05.2023
өлшемі31,24 Kb.
#96047
1   2   3
Байланысты:
Емтихан тапсырмасы

Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмасы
II нұсқа

1. Теңеу дегеніміз не?


а) Шешендік сөздің тілдік белгісі.
ә) Затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыру.
б) Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, көптің орнына жекені немесе керісінше ауыстырып қолдану тәсілі.
в) Публицистикалық стильге дыбыстарды үндестіріп қолдану тәсілі.
г) Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым.
[1б]

2. Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау қай стильге тән?


а) Ресми іс-қағаздар
ә) Ғылыми
б) Ауызекі сөйлеу
в) Көркем әдебиет
г) Публицистикалық
[1б]

3. Көпшілік алдында белгілі бір мәселе төңірегінде пікір таластыру не деп аталады?


а) ырғақ
ә) диспут
б) метономия
в) айтыс
г) дебат
[1б]


4. Ғылыми стильге жататын еңбектерді белгілеңіз.
а) әңгіме, өлең
ә) өмірбаян, өтініш
б) диссертация, рецензия
в) очерк, репортаж
г) мақала, роман
[1б]
5. Ресми іс-қағаздар стилінің түрлеріне жататын құжаттарды белгілеңіз.
а) очерк, сұхбат
ә) поэма, курстық жұмыс
б) диалог, монолог
в) түсініктеме, арыз
г) әңгіме, роман
[1б]
6. Шешендіктің үш элементін (шешен, шешендік сөз, тыңдаушы) көрсеткен ғұлама кім?
а) Цицерон
ә) әл-Фараби
б) Аристотель
в) Майқы би
г) Сократ
[1б]
7. «Басыңа бақ орнасын,
Қызыр болсын жолдасың.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын»
– берілген шешендік сөздің түрін анықтаңыз.
а) шешендік дау
ә) шешендік толғау
б) шешендік арнау
в) айтыс
г) сөзталас
[1б]
8. «Қабырға қапқан төбеттей,
Қияға шапқан бүркіттей,
Ашу қысқан арыстандай,
Адам жеген айдаһардай...» - берілген қолданыс көркемдеу тәсілінің қай түріне жатады?
а) метафора
ә) синекдоха
б) метонимия
в) теңеу
г) аллитерация
[1б]
9. Эпитет дегеніміз не?
а) Затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыру.
ә) Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
б) Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану.
в) Тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
г) Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым.
[1б]


10. Қате жазылған сөзді белгілеңіз?
а) аспазшы
ә) дауыс
б) сахна
в) жаурын
г) жаңбыр
[1б]

11. Элизияға ұшырайтын тіркесті анықтаңыз.
а) өнертапқыш
ә) қара торы
б) ақ орамал
в) тасбақа
г) қара ала
[1б]
12. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін іс-қағаздар қатарын белгілеңіз.
а) қолхат, сенімхат
ә) хабарландыру, өкім
б) өтініш, арыз
в) қызметтік хаттар, үкім
г) өмірбаян, өтініш
[1б]


13. «Ашу қысқан арыстандай, адам жеген арыстандай» - берілген қолданыс көркемдеу тәсілінің қай түріне жатады?
а) кейіптеу
ә) эпитет
б) теңеу
в) метафора
г) антитеза
[1б]


14. Публицистикалық стильдің жазбаша түрін белгілеңіз.
а) кейіптеу
ә) инверсия
б) энциклопедия
в) мақала
г) телевизия тілі
[1б]
15. Аллитерация дегеніміз не?
а) Дауыссыз дыбыстардың бірыңғай қайталануы.
ә) Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
б) Дауысты дыбыстардың үндесе қайталануынан тұратын стилистикалық айшықтаудың түрі.
в) Шешендік сөздің тілдік белгісі.
г) Затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыру.
[1б]
16. «Бұлқынып жатыр, келмейді-ау құрғыр шамасы,
Бұлқынып жатыр, таусылды-ау айла-шарасы.
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,
Бостандық берші, бостандық берші, мамасы» - берілген үзіндіден қайталаудың түрін белгіле.
а) анафора
ә) инверсия
б) эпифора
в) меңзеу
г) риторикалық сұрақ
[1б]
17. Шешендік дау неше түрге бөлінеді?
а) үш
ә) төрт
б) бес
в) алты
г) жеті
[1б]
18. Жазбаша мәтінге тән қатарды белгілеңіз?
а) Визуалды түрде жүзеге асырылады.
ә) Динамикалық (қозғалмалы) сипатқа тән.
б) Белгілі бір уақыт аралығында айтылады.
в) Акустикалық тұрғыда жүзеге асырылады.
г) Тілдік және тілдік емес амалдар арқылы жүзеге асырылады.
[1б]
19. А.Байтұрсынұлы шешендік сөзді нешеге бөлген?
а) екіге
ә) үшке
б) төртке
в) беске
г) алтыға
[1б]
20. Мәтін көлеміне қарай қалай бөлінеді?
а) гуманитарлық, тарихи, танымдық
ә) суреттеу, әңгімелеу, пайымдау
б) микромәтін, макромәтін, күрделі мәтін
в) ауызша, жазбаша, электронды
г) шағын, күрделі, жалаң
[1б]
21. Сыни пікірдің негізгі түрін белгілеңіз.
а) әдеби сыни пікір
ә) публицистикалық сыни пікір
б) ауызша сыни пікір
в) жазбаша сыни пікір
г) күрделі сыни пікір
[1б]
22. Тақырып дегеніміз не?
а) күрделі сыни пікір
ә) сөйлемдердің байланысуы
б) тіркесіп келетін сөздер
в) сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың байланысы
г) мәтіндегі оқиға мен ойдың түйіні
[1б]
23. Мәтін берілу тәсіліне қарай қалай бөлінеді?
а) сөз, сөз тіркесі, сөйлем
ә) абзац, негізгі ой, суреттеу
б) баяндау, пайымдау, әңгімелеу
в) диалог, монолог, полилог
г) сын, пікір, ой
[1б]


24. Дәйексөздерді жазуда қолданылатын тыныс белгіні белгілеңіз.
а) сызықша
ә) көп нүкте
б) нүктелі үтір
в) тырнақша
г) жақша
[1б]


25. «Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу – ой мешеулігі» - берілген сөйлемде сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз?
а) Бастауыш та, баяндауыш та бір сөз табынан жасалған.
ә) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен жасалып тұр.
б) Бастауыш есімшенің жұрнағынан, баяндауыш зат есімнен жасалған.
в) Бастауыш пен баяндауыш етістіктен жасалғандықтан.
г) Сызықша қойылмау қажет.
[1б]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет