Дара бастауыш
Дара бастауыш – жеке бір сөзбен айтылған бастауыш.
8-слайд
Күрделі бастауыш
Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды.
Күрделі бастауыш мына сияқты жолдармен жасалады:
1. Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы.
Мысалы: Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады
9-слайд
2. Қос сөз түріндегі зат есімдер:
Мысалы: Әке-шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды.
10-слайд
3. Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі.
Мысалы: Үй іші енді тып-тыныш.
11-слайд
4. Сын есім тіркесі
Мысалы:Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді.
12-слайд
5. Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады.
Мысалы: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).
13-слайд
6. Тұлғасына қарай күрделі және бөлшек сан есімдер де сөйлемде күрделі бастауыш бола береді.
Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді.
14-слайд
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
|
бастауыш
|
баяндауыш
|
Ақыл – тозбайтын тон
|
зат есім
|
атау септігіндегі зат есім
|
Жақсы – ісімен жақсы
|
сын есім
|
заттанған сын есім
|
Екі жерде екі – төрт
|
сан есім
|
сан есім
|
Бұл – оның жақтырмағанының белгісі еді
|
сілтеу есімдігі
|
есімдік пен етістік
|
Сөйлеу тіліне бай болу – жас авторлар үшін өте қажет
|
тұйық етістік
|
есім сөздер
|
Отаным – алтын бесігім
|
тәуелдік жалғаулы сөз
|
зат есім
|
Көрмес – түйені де көрмес
|
есімше
|
есімше
|
|
Бастауыш туралы мәліметтермен танысады.
|
|
Слайд
|