Сақ Қайрат Өмірбайұлы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.01.2017
өлшемі254,96 Kb.
#1068
  1   2   3

 

Сақ Қайрат Өмірбайұлы.  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

ф.ғ.к., доцент, ЕҰУ профессоры 

www.enu.kz

 

 

  



«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ  

КӨТЕРІЛІСІ КЕЗІНДЕ 

 

Апталықтың  күні  кешеге  дейін  қараланып  келуінің  ендігі  бір  себебі, 

осы 1916 жылғы патша жарлығына қатысты көзқарасына байланысты болды. 

Бір назар аударарлығы, халқымыздың тарихында ерекше із қалдырған осынау 

оқиға  тұсында  ұлттық  демократиялық  интеллегенцияның  бұған  дейінгі 

алауыздықтан  арылып,  бір  жолды  таңдауы  қоғамдық  ой-сананың  едәуір 

ілгерілегендігін  айқындап  берген  еді.  Ол  заманына  қарай  амалын 

қарастырудан  туған  жол  болатын.  Көзі  ашық,  көкірегі  ояу  қазақ  зиялылары 

«білекті  бірді,  білімді  мыңды  жығатын»  кез  келіп  жеткенін  жақсы  түсінді. 

Сондықтан,  мұздай  қаруланған  патша  әскеріне  қарсы  ашық  шайқасқа  шығу 

халықты орынсыз шығынға ұшыратып, қырғын келтіретінін алдын ала сезіп-

біліп,  күрестің  басқаша  тәсілін  тандаған  болатын.  Ол  әдістің  негізгі  белгісі 

ұлттық  саяси  тұтастық  және  негізгі  мақсаттар  үшін,  яғни  ел  теңдігі  мен 

бостандығы  жолында  саналы,  ұйымдасқан  әрекетке  көшу  екендігін  халыққа 

түсіндіріп жеткізу мұраты еді. Осы жолда қалың қазақ елінің ұлттық санасын 

ояту  арқылы  сауатын  арттыру  міндетін  бірінші  кезекте  алдарына  тартыпты. 

Апталықтың  1917  жылғы  212-санында  жарияланған  «Тарихи  жыл»  деген 

публицистикалық мақаласында М.Дулатовтың: «Қазақ баласы енді оянбасаң, 

мәңгіге  шейін  ұйқың  ашылмай,  қараңғыда,  құлдықта,  тістегеннің  аузында, 

ұстанғанның қолында кеткенің», - деп жазуы сол жайынан сыр тарқатады. 

1916  жылғы  патша  жарлығының  зорлық-зомбылығына  қатысты,  оның 

халқымыздың  тарихынан  алатын  орнын  анықтау  мақсатында  жазылған  ең 

алғашқы туынды болып табылатын осы мақаласында М.Дулатов көтерілістің 

жылнамасын  жасауға  ниет  танытады.  Қалам  қайраткерінің  оны  халқымыз 

бастан  кешірген  тарихи  кезеңдермен,  атап  айтқанда,  «қазақ  қалмақтың 

жауласқан  заманы;  ақтабан  шұбырынды;  Ресейге  бағынған  шағымыз; 

Кенесары  заманы;  Қоқан  заманы;  1868-інші  жылғы  жаңа  заңның  шығуы» 

секілді тарихи оқиғалармен тең қойып қарастыруы - оған ерекше маңыз беріп 

отырғандығының  айғағы.  Туындының  құндылығы  да  сонда.  Сонымен  бірге 

ғасырлық мәнге ие осынау оқиғаның шынайы шежіресі, алғашқы әсермен ақ 

қағазға  түсірілген  қысқаша  тарихы  болуы  да  оның  бағасын  арттыра  түсері 

анық.  Мақаламен  танысу  арқылы  төтеннен  туған  патша  жарлығының  тып-

тыныш отырған елге кенеттен өрт тигендей әсер еткендігін, қаншама зардап-

залал алып келгендігін бейне бір оқиға ортасында болғандай көз алдыңыздан 

өткізесіз: «айдап өргізіп, иіріп жусатып күнелткен төрт түлік малына қатерлі 

он екі жылда бір айналып, көбінесе тегін кетпейтін сұм қоянды (қоян жылын 

 


С.Қ.) аман өткізіп, өткен жаз қазақ байдың баласы пейілі кеңіп, байға жарлы 

теңеліп, жайлауында жадырап, өзінше өзінен бақытты жұртты білмей, рахат 

ғұмыр  өткізіп,  тып-тыныш  қатқанында  өрттен  шошып  оянғандай  бір  күйге 

ұшырады. Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты, жүрегіне найзадай 

тиді»,  -  деген  жолдар  қаламы  үшқыр,  ойы  жүйрік  журналистің  әрі  өткір 

пікірлі  публицистің  шығармашылық  шеберханасының  шоқтығы  биік 

екендігін тайға таңба басқандай айқын танытады. 

Бұдан Ресей патшалығының қоластындағы «бұратана» жұрттардан қара 

жұмысқа  жігіттер  алу  жөніндегі  «25  июнь»  жарлығының  төтеннен  туып, 

жорта  асықтырылып,  халықтың  апшысын  қуыра,  жанын  ышқынтып, 

қысымшылықпен  орнына  келтірілмек  болғанын  байқаймыз.  Десек  те, 

қазақтан солдат алу мәселесі ел үшін жаңалық емес-тұғын. «Қазақ» газеті бұл 

турасында содан үш жыл бұрын мәселе көтеріп, әсіресе бірінші дүниежүзілік 

соғыстың басталуына байланысты 1914-1915 жылдары жеріне жеткізе жазып, 

оқырман талқысына салып келген болатын. 

Әскер  тақырыбында  «Қазақта»  жарық  көрген  тырнақ  алды  туынды 

«Қазақтан  солдат  ала  ма?»  атты  Қыр  баласы  -  Ә.Бөкейханов  жазған  мақала 

болып табылады. Ол апталықтың 1913 жылғы 13-санында басылып шыққан. 

Мұнда  публицист  жер  мәселесіне  әскер  мөселесін  қосып  шатастырып, 

қараңғылық қармауындағы қалың елін алдап-арбап, құрған қақпанына түсіру 

әрекетіндегі  отаршыл  озбыр  саясаттың  бет  пердесін  түріп,  әшкерелейді. 

Соған  көндігіп,  мойнына  қамыт  кигізіліп  жатқанымен  шаруасы  жоқ  көнбіс 

жұртының  іс-әрекетіне  реніш  білдіреді:  «Қала  болып  жер  кестіріп  алсақ, 

солдат  алмайсың  ба?»  деп  сұрап,  төрелер  «солдат  алынбайды»  деп  бір 

жапырақ  қағаз  берсе,  бейшара  қазақтар  жаудан  мал  айырғандай  қуанады. 

«Солдат алмаймын, - дейді ғой, - солдат алмаса болды» деп тоғытқан қойша 

ұйытқып  барса  қайтпасқа  кіріп  кеп  кетеді»,  -  деп  жазып,  халқының 

басындағы ауыр жайды қынжыла баяндайды. Тек сынап-мінеп қана қоюмен 

шектелмей,  тығырықтан  шығар  жолды  іздестіргенде,  озбырлыққа  қарсы 

күресте заңды қару ету керектігін алға тартады: «Қазақтан солдат алынбасын 

деген закон бар, войнский уставтың 42-інші статьясында жазған: «Түркістан 

һәм Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай қазақтары солдаттықтан азат (Свод 

законов  Российской  империи,  т.ІУ,  изд.  1897)»  деп  1834  жылы  Ақмола  аға 

сұлтаны - Сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменде баласы Петерборға барған. Сонда 

Қоңырқұлжа  айтқан:  «Патша  солдат  алады  деп,  қазақ  халқы  қорқып 

уайымдайды»,  сол  себептен  қазақтың  корқыныш  жұмысын  ашып  бер  деп 

сұраған соң, правительство Қоңырқүлжаға қағаз берген: «Қазақтан бұл күнде 

солдат  алынбайды,  келер  уақытта  да  қазақ  халқы  солдаттан  азат.  Осы 

қалпымен  жүрсе  де,  егін,  сауда  қып,  өз  еркімен  кент  қалыбына  түссе  де 

деген»  деп  мәселенің  заң  жолы  бойынша  қалай  шешілгендігінен  нақты 

дәлелдер келтіреді. Сөйтіп, осы заңдар күшін жоймайынша, қазақтан солдат 

алынбайтындығын,  сондықтан  оны  жер  кестіріп  алу  т.б.  мәселелермен 

шатастыруға  болмайтындығын  кеңес  етеді.  Мақала  тек  мазмұны  жағынан 

ғана емес, сонымен бірге жазылу стилі тұрғысынан да құнды. Мұндағы басты 

ерекшелік ой ықшам және нақты дәлелдермен оқырман назарына ұсынылады. 


Әсіресе,  зандардан  үзінділер  келтіріліп,  олардың  қайдан  алынғандығына 

сілтемелер жасалынып отырылуы туындының ғылыми құндылығын арттыра 

түсері  даусыз.  Осы  қырынан  келгеңде  мақаланы  ғылыми  стильде  жазылған 

төлтума туындылардың қатарына жатқызсақ, қателеспейміз. 

Қазақтан әскер алу мәселесі бұдан кейін де «Қазақ» шығарушыларының 

назарынан  тыс  қалмаған.  Халықты  толғандырып  отырған  жайға  қатысты 

әркез  көңіл  аударып,  мәселенің  алдын  алу  міндетінде  болғандықтары 

байқалады.  Мәселен,  апталықтың  1914  жылғы  60-санында  жарияланған 

«Қазақтан  солдат  алына  ма?»  деген  мақаласында  М.Дулатов  қала  болып 

отырған  кейбір  қазақ  ауылдарынан  әскерге  адам  алынып  жатқандығынан 

нақты  деректер  келтіре  отырып,  оның  заңсыздық  екендігін  ашына  жазады: 

«1912-ші  жылы  Павлодар  абақтысы  арқылы  Өскемен  қаласындағы 

дисциплинарная  ротаға  бір  топ  жазалы  солдаттар  айдалып  өтті,  солардың 

ішінде  бір  қазақ  солдат  бар  екен,  сонымен  танысып  сөйлестім.  Бұл  Тобол 

губерниясында  крестияндыққа  жазылып,  қала  болған  Атығай  Сәрсембай 

деген қазақтың баласы. ...Егер Закон бойынша қазақтан солдат алынбайтыны 

анық болса, бұл істеп отырғандары жолсыз екендігі онан да анық болмай ма? 

...Біздің  қазақтың  жолдыға  да,  жолсызға  да  тырп  етпей,  мойынсынып 

отыратыны осыдан да көрініп тұр емес пе?» - деп шындықтың шымылдығын 

түре,  өз  құқығын  өзі  қорғай  алмай  жүргендердің  жігерсіздігін  айыптайды, 

намысын қайрайды. 

«Газеталардан»  деген  тұрақты  айдармен  басылым  басқармасы  атынан 

апталықтың  1915  жылғы  153-санында  жарияланған  «Қазақтан  солдат  алу» 

деген  бас  мақаладан  осынау  көкейкесті  мәселенің  жылдан-жылға  ушығып 

келе  жатқандығын  көреміз.  Мұнда  орыстың  «Русское  слово»,  «Биржовые 

ведомости»,  «Утро  России»,  «Новое  время»  газеттерінде  жарық  көрген 

мақалалар  негізілде  қазақтан  солдат  алу  мәселесіне  патшалық  әкімшіліктің 

қызығушылық  таныта  бастағандығы



 

алғаш  рет  ауызға  алынады.  Бұл  мәселе 

думада да сөз болып жатқандығы айтылып, депутаты болмаған себепті ондай 

хабарлар қазақ жұртының құлагына жетпей жүргендігі баяндалады. 

Газеттің  келесі  санында  «Қазақтан  солдат  алу  туралы»  деген 

проблемалық мақала жарық көрген. Онда «бұратана» елдерден әскерге адам 

алу  мәселесін  переселен  мекемесінің  бастығы  Глинко  да  қолдап 

отырғандығынан  мәлімет  келтіріледі.  Ұзынқүлақтан  естулері  бойынша, 

өкімет дайындап жатқан қазақтан солдат алу туралы заң жобасы мемлекеттік 

негізгі  заңның  87-бабы  бойынша  қабылдануы  мүмкін  екендігі  тілге  тиек 

етіліп,  оған  мынадай  түсініктеме  беріледі:  «Бұл  87-інші  деген  статья  - 

мемлекеттік  негізгі  заңның  статьясы.  Ол  статьяда  айтылған:  «Дума  тарап 

кеткен  кезеңде  қалыптан  тысқары  керегі болып,  тәртіп  шығару  керек болса, 

ол  туралы  закон  жобасын  министрліктер  төте  патшаның  өзіне  жолдауға 

ықтиярлы»  деп.  Бірақ  бұл  сияқты  тәртіптер  Г.Дума  жиналғаннан  кейін  екі 

айдың  ішінде  Г.Думада  қаралуға  тапсырылмаса,  яки  Г.Дума  мен  Г.Совет 

қабыл етпесе, закон күшінен айрылады деген». 

Мақалада  сонымен  бірге  қазақтан  солдат  алу  мәселесіне  мұсылман 

депутаттары  мен  мұсылмап  газеталары  да  теріс  қарамайтындығы  айтылады. 


Олардың мұндай мақсатты көздеп отырғандары егер қазақтан солдат алынса, 

үкімет  бермей  отырған  депутаттықты,  муфтилікті,  земствоны  және  жер 

тандауын  өздеріне  берер  әрі  әскерге  алынған  жігіттер  жер  көріп,  мәдениет 

жоғарылауына  жол  ашылар  деген  игі  тілектен  екендігі  түсіндіріледі.  Бірақ 

соғыс кезінде олардың айтқандарының бірі де келмейтіндігі, ол қазаққа пайда 

емес,  залал  келтіретіндігі  былайша  дәлелденеді:  «Бірден  осы  соғыс  тұсында 

қазақтан  солдат  алғанын  қуаттау  -  зор  ұлығу.  «Уақыт»  газетасы  айтады: 

«Үйден  өрт  шыққан  кезде  әйнек  сынғанына  қарамайды»  деп.  Ол  рас.  Бірақ 

қазақтан  солдат  жинау  соғыс  үшін  елден  тері-терсек,  темір,  шойын,  мыс 

жинаудай деп ойлау да жарамайды. Қазақтан солдат шықса, бесіктегі баладан 

бастап,  тоқсандағы  шалға  дейін  алынсын  демес.  Пәлендей  деп  жас  мөлшері 

көрсетілер.  Ол  жастың  дәл  анығын  білдірерлік  метірке  қайда?  Қазақтың 

жасын  білу  -  нағыз  былықпа  іс.  Рас,  қазақта  посемейной  список  дегені  бар 

екені.  Ондағы  жастың  бірі  де  дұрыс  емес.  Ауылнайлар  кімнің  неше  жаста 

екенін сұрамастан сыртынан жаза салады. Өйткені оның жасына қарап тұрған 

қазақ арасында бұрын жұмыс жоқ. Ауылнай һәм болоснойлардың жазуынша 

өз  партиясы  болса,  20  жастағы  40-та  болып  шығуы,  қарсы  партия  болса,  40 

жастағы 20-да болып шығуы оп-оңай». 

Бұдан 

алаш 


азаматтарының 

аурудың 


алдын 

алу 


қамында 

болғандықтарын  көреміз.  Бұл  мақала  1915  жылдың  22-қазанында  жарық 

көріпті. Бірақ, соған қарамастан, осында көтерілген мәселенің арада бір жыл 

өтпей-ақ  шындыққа  айналуы  «Қазақ»  қаламгерлерінің  көрегендік болмысын 

айқындап берсе керек. 

Әскерге шақыру жөніндегі әртүрлі алыпқашпа сөз 1916 жылдың басына 

қарай қазақ елі құлағын түрген ең көкейкесті мәселелердің біріне айналады. 

Соған  байланысты  «Қазақ»  газеті  орыс  және  татар  басылымдарының  хабар-

ошар,  пікірлерін  жариялап  отырумен  шектелмей,  ендігі  жерде  оның 

қаншалықты  рас-өтірігін  айқындап,  анық-қанығына  жету  мақсатын  да 

алдарына  тартады.  Әсіресс,  төртінші  дума  ашылу  қарсаңында  оның 

қажеттілігі  еселеп  арта  түскен.  Соған  байланысты  мәселенің  мән  жайына 

қанып,  жұрттың  өтініш-тілегін  депутатгарға  жеткізу  мақсатында  арнайы 

топтың  Петербургке  аттанғандығы  газеттің  1916  жылғы  168-нөмірінде 

былайша  хабарландырылады:  «Бүгін,  9-ыншы  февральде  Г.Дума  ашылады. 

...Хүкімет  Думаның  бұл  мәжілісіне  соғысқа  қатысы  бар  бірсыпыра  закон 

жобасын кіргізбекші. Бұлардыц ішінде қазақтан солдат алу жобасы болуы да 

ықтимал.  Қазақтан  солдат  алады  деген  сыбыс  күзден  бері  естіліп  келеді. 

Қазақтан  қазір,  осы  соғыс  үстінде,  солдат  алу  мүмкін  еместігі,  қазақ  халқы 

қамсыз  жатқандығы,  анық  жасын  білерлік  метірке  жоқтығы  һөм  басқа 

себептері  де  газетімізде  кезінде  жазылған  еді.  Думада  өзімізден  депутат 

жоқтығы,  солдаттық  мәселесі  секілді  зор  мәселені  қатесіз  шешетін,  қазақ 

жайын  білетін  депутаттардың  кемдігі  де  айтылған  еді.  Бірақ  газет  жүзінде 

ғана  жазылған  сөз,  айтылған  тілек  тиісті  орындарға  өздігінен  жетпейтіндігі 

белгілі. Бұл тілектерге ие болып, жалпы жұрт қара көрсетіп, қам қылғандығы 

корінбейді.  Тағдырға  тапсырылып,  жай  жатқан  түрі  бар.  Солдаттық  туралы 

қазақ  халқының  пікірін,  тілегін  хүкіметке,  Думаға  жеткізу  үшін  олармен 


сөйлесіп, жай-жапсарды түсіндіру үшін әр облыстан бірер өкіл баруы тиіс еді. 

Бұл істі қалың қазақтан күту қашпаған қашардың уызына қарағандай болатын 

болған соң, Дума ашылуға қарсы, Самардан Әлихан Бөкейханов, Орынбордан 

Ахмет  Байтұрсынов,  Ақтөбе  уезінен  Нысанғали  Бегімтаев  3-інші  февральда 

Петроградқа жүріп кетті». 

Бұдан кейін газеттің төрт нөмерінде қатар бас мақала орнына Петроград 

хаттары  жарық  көрген.  Апталықтың  «Бас  жазушысы»  қаламынан  туған  бұл 

хаттарда  халықтың  құлағын  елеңдетіп  тұрған  солдаттық  мәселесі  егжей-

тегжейлі  зерттелініп,  анық-қанығы  күн  құрғатпай  қалың  оқырмандар 

назарына  ұсынылып  отырылады.  «Солдат  алар  ма?»  деп  атаған  алғашқы 

хатында  көрнекті  қалам  қайраткері  күзден  бергі  қазақтан  әскер  алу  жөнінде 

заң  жобасы  жасалынып  жатыр  деген  алыпқашпа  сөздің  шындыққа 

жанаспайтындығын  хабарлайды.  Ол  1914  жылдың  шілде  айында,  соғыс 

басталардың  нақ  алдында  соғыс  министрі  тарапынан  Министрлер  Кеңесіне 

ұсынылған  анықтамадан  (докладная  записка)  туындап  жүргеніне  тоқталады. 

Бірақ, ол  анықтама керісінше  мақсатта,  яғни қазақтан солдат  алмау  жөніндс 

болғандығын,  соған  келтірілген  көп  дәлелдердің  ішінде  қазақ  казарма 

тұрмысына  шыдамайтындығы  айтылғандығын  жазады.  Әйтсе  де,  қауіп 

сейілгенін көңілге  тоқ  санап,  қол  қусырып  қарап  отыруға  болмайтындығын, 

түбінде  заң  шығуы  ықтималдығын  дума  депутаттарының  аузынан  шыққан 

сөздермен  тарқата  баяндай  келіп,  алдын  ала  соның  қам-қаракетінде  болу 

керектігін оқырмандар назарына ұсынады. 

Қалған  Петроград  хаттары  енді  не  істеу  керек  деген  сауалға  жауап 

беруге  арналған.  Мәселен,  «не  істеуге?»  деген  екінші  хатында 

А.Байтұрсынов  соғыс  кезінде  бұрынды-соңды  әскерге  шақыр ылмай  келген 

жұрттардан  солдат  алу  дұрыс  еместігі,  онымен  мүлде  келісуге 

болмайтындығы жөнінде мәселе көтереді. Ал соғыстан кейін алам десе, оған 

қарсылық  таныту  олжа  әпермейді,  Одан  гөрі,  қалай  және  қандай  әскерге 

алатындығы  турасында  талас  туғызған  пайдалы  деп  түйін  түйеді.  Сөйтіп, 

әскердің  түрлерімен  таныстырып,  соның  қайсысы  оңтайлы  екендігін 

көпшілік талқысына салады. Үш түрлі әскердің: жаяу әскер, ковалерист және 

атты  қазақ  болудың  бірін  тандағанда,  соңғысының  ел  тұрмысына 

жа қындығын  тарата  талдай  келіп,  «түбінде  әйтеуір  әскерліктен 

құтылмайтын  болған  соң,  казак  (секілді  әскер  -  С.Қ.)  болуды  қаламайтын 

қазақ  жоқ  шығар  десек,  адаса  қоймаспыз»,  -  деп  басылым  басқармасының 

пікірін  ашық  білдіреді.  Оның  себебін  «солдаттың  (жаяу  әскердің)  жүрісі 

жа я у,  тұрысы  казармада,  кавалеристің  жүрісі  атты,  тұрысы  казармада, 

казактың  жүрісі  атты,  тұрысы  үйінде»  болуынан  тарқата  түсіндіріп  береді. 

«Өгізді қойшы - өлген қойшы, түйелі қойшы - тұрған  қойшы, жаяу қойшы - 

жатқан қойшы,  атты  қойшы  - екпіні қатты қойшы» екеңдігін, сондықтан да 

атты казак болудың пайдалылығын, ал атты ковалерист болуға казарма ауасы 

қазаққа  жақпайтындығын,  ол  көкірек  ауруына  душар  ететіндігін  кұрғақ 

сөзбен  емес,  белгілі  ғалымдардың  пікірлерімен  дәлелдеп,  ұстанған 

жолдарының дұрыстығына айқын көз жеткізуге тырысады. 

Хатта  көтерілген  екінші  мәселе  халықтың  тілек-ұсынысын  дума 


депутаттарына  дер  кезінде  жеткізіп  тұру  жолдарын  іздестіруге  саяды.  Бірер 

адамның  өтініші  халық  тілегі  болып  шықпайтындығы,  оның  заңдық  күші 

болу үшін «жұрт ортасынан сходпен сайлап, думаға жіберген депутаттардың 

аузынан  шығуы»,  я  болмаса,  «жұрт  аузынан  сходта  приговорға  жазылып 

барған сөз» болуға тиістігі тәптіштеп түсіндіріледі. Сол себепті күнілгері қам-

қаракетін  жеп,  қазақтан  солдат  алу  туралы  заң  жобасының  дума 

табалдырығын  аттамай  тұрып-ақ  өз  өтініш-тілектерінің  депутаттар  колында 

болуын  халқына  уағыз  етеді.  «Қолымыздан  келетін  жағымен  тілегімізді 

Думаға жеткізіп қалу - қазақ біткенге қажет іс. Мұны калғып-мүлгіп отырып 

өткізіп  алып,  қамтама  калған  қазақтар  балаларының  һәм  онан  кейінгі 

ұрпақтарының  казармада  шіріп,  азып-тозуына  себепкер  болып,  көрінде 

тыныш  жата  алмас,  талай  күрсініп,  күңіренер»,  -  деген  жолдар  кім-кімді  де 

толғандырмай  тұрмайды.  Халқым  деп  соққан  жүректен  шыққан  сөз  жүрек 

төрінен орын иемденеді. 

Осы  хатында  Ахаң  бұған  дейін  де  «Қазақ»  газеті  бетінде  бір  емес, 

бірнеше  рет  көтерілген  метірке  түзету  мәселесіне  қайыра  соғып,  оны  толық 

шешпей  тұрып,  қазақтан  солдат  алынуы  барып  түрған  әділетсіздік 

болатындығын  құлаққағыс  етеді:  «Қазақтан  әскер  алудың  алдында  метірке 

түзелуі  тиіс.  Метірке  түзету  жұмысы  духовные  собраниедей  (муфтиліктей) 

қиянатсыз  істейтін  мекемеге  тапсырылмаса,  қиянатқа  үйреніп  қалған 

мекемелерге  тапсырудан  қолайсыз  шатақ  істер  шығып,  халық  ылаңға  түсуі 

ықтимал», - деп үлкен қауіптің алдын алуға, жұрттың әділетсіздік қүрбанына 

айналмауына амал қарастырады. 

Сонымен,  қаһарлы  патша  әмірі  шығар  күн  де  жақындай  бастады. 

«Қазақ»  газетін  шығарушылар  күн  көзін  торлай  бастаған  қара  бұлттың  түсі 

суық  екендігін  күнілгері  сезіп-біліп,  алдағы  дауылдан  халықтың  қамсыз 

қалмауын  сақтандыру  жолында  жан  аямай  қызмет  еткендігін  көреміз.  Олар 

халық  басына  үйірілген  қара  бұлтты  дауылға  айналдырмай,  қалай  да  саяси 

жолмен бетін қайтару қамында қолдарынан келгенінше күресіп бақты Бірақ, 

амал не, патша үкіметінің қазақ елінен әскерге адам алу  не алмау мәселесін 

халықтың  өзімен  ақылдаспай-ақ  шешуді  ұйғарып,  оны  шұғыл  түрде  жүзеге 

асыруға көшуі отаршыл озбыр саясаттың тағы да бет пердесін айқара түріп, 

әлем алдында әшкерелеп берген болатын.   

Бұратана  халықтардан  майдан жұмысына  адам алу  туралы  1916  жылы 

25 маусымдағы патша жарлығы ел күтпеген тосын оқиға болды. Ол жөнінен 

кейіннен сол бір суық хабарды елге жеткізу міндетін мойнына алған ардақты 

алаш  азаматы  М.Дулатов  былайша  есіне  түсіреді:  «1916  жылғы  маусым 

жарлығы  шыққан  кезде  Орынборда  едім.  Ахмет  Байтұрсынұлы  сол  жаз 

Торғай  уезіндегі  санақ  қызметіне  кетіп,  «Қазақ»  газетін  мен  басқарып 

тұрдым. ...Бір күні төбеден түскен жайдың оғындай июнь жарлығы сарт ете 

түсті.  Бұл  жарлықтың  бізге  жайдың  оғындай  көрінуі  қазақ  еліне  оның  әсері 

қандай  болатындығын  сезгендігімізден  еді.  Бұл  жарлықтың  қазақ  арасына 

қалай  тарайтыны,  қазақ  елі  не  күйге  ұшырайтыны  көз  алдымызға  елестей 

қалды.  ...«Казақ»  басқармасына  қазақ  жерінің  тұс-тұсынан  телеграммалар, 

хаттар  жауа  бастады.  Ол  кезде  «Қазақ»  газетін  қазақ  елінің  көбі  көз-


құлағындай көретін. Сондықтан құр телеграм беру, хат жазумен  ғана қойған 

жоқ,  жан-жақтан  саулап  ел  адамдары  Орынборға  ағыла  бастады.  Елде  не 

болып жатқанын, хатқа, телеграмға жазуға болмайтын сөздерді солар әкеліп 

отырды. Қазақ даласы күңіренді». 

Осындай  халықтың  арқасына  аяздай  батқан  қаралы  хабар  —  патша 

жарлығының  ойламаған  жерден  тосыннан  жариялануының  өзіндік  себептері 

де  жоқ  емес-тін.  Бұл  туралы  «Қазақтың»  көрнекті  қаламгерлері  сол  бір 

сұрапыл  заманда  үн  қата  қоймағанмен,  кейіннен,  ақпан  төңкерісі  жеңіске 

жетіп,  ел  тізгіні  қолдарына  тиген  уақытта  көкіректерінде  қатталған,  көңілге 

түйген  ойларын  ортаға  салмай  қалмаған.  Апталықтың  1918  жылғы  258 

санында  жарық  көрген  «Орынбор,  1-ші  қаңтар»  деген  бас  мақаладан  біраз 

жайдың сырына қанамыз. 

300  жылдан  астам  уақыт  Ресей  секілді  алып  мемлекетті  жұмса  - 

жұдырығында,  ашса  -  алақанында  ұстап  келген  Романовтар  тұқымының 

тақтан  түсуі  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  салдарынан  болды.  Патшалық 

монархия  өзі  қазған  орға  өзі  құлады.  Ол  соғысқа  билігімді  күшейтем, 

байлығымды  молайтам  деп  кірсе  де,  күн  өте  келе  ол  үміті  ақталмайтынына 

көзі жете бастады. «Суға кеткен тал қармайды» дегендей, сасқан тұсы да осы 

кез  боллды.  «Зор  соғыстың  салмағы  да  зор.  Оны  көтеруге  көп  күш  керек. 

Жайшлықта  керек  қылмайтын  халық  күшін,  халық  ісін  керек  қыла  бастады. 

...(Оны)  земстволар  қолға  алып,  хүкімет  далада  қалып  қоятын болды.  Мұны 

көріп,  тіпті  керексіз  болып,  босқа  қалармын  деген  хүкіметке  қауіп  кіре 

бастады.  ...(Сол  себепті)  соғысты  тоқтатпақ  ниетке  кірісті.  Бірақ  соғысты 

тоқтату  да  оңай  бола  қоймады.  Соғыс



 

басталған  жылы,  август  ішінде 

Англия,Франция һәм  Россия  араларында

 

жасалған, онан кейін Жапония  мен 

Италия да қол қойған уағда бойынша, аталған патшалықтардың  ешқайсысы 

жаумен  бөлініп  шығып  бітім  жасамасқа  тиіс,  ішінен  бүліншілік  шыққан 

патша  ғана  одақтарынан  бөлек  өз  бетімен  бітім.  жасауға

 

ықтиярлы  болды. 



...Сүйтіп,  бітім  жасаудың  жалғыз-ақ  шарасы  болды.  Ол  -  мемлекет  ішінен 

бүліншілік  шығарып,  соның  сылтауымен  бітім  жасау.  Соғысты  тоқтатуға 

олай  да,  былай  да  жол  қарап,  Романовтар  хүкіметінің  ақырында  тоқтаған 

шарасы  іштен  бүліншілік  шығару  болды.  Бүліншілік  өте  зор  болып  кетсе, 

басу  қиын  болар  деп  ол  жағынан  да  қорықты.  Ептеп  шамалы  бүліншілік 

шығару  жаһұтымен  бұратаналарды  соғыс  жұмысына  алмақ  болып,  25-інші 

июнь  жарлығын  шығарды.  Ол  жарлықты  жорта  асықтырып,  жұрттың 

апшысын  қуырып,  жанып  ышқынтып,  қысымшылықпен  орнына  келтірмек 

болып,  телеграммамен хабарландырды. Оңдағы есептері бұратаналар соғыс 

жұмысынан  қорқып,  жарлыққа  көнбейміз,  адамдарын  бермейміз  деп  бунт 

шығарып,  бүліншілік  жасар  деген  еді».  Басылым  басқармасының  мұндай 

тұжырымы шындыққа жанаспайды дей алмаймыз. 

Міне, мәселенің түп мәні. Саяси шолу осылай жазылса керек-ті. 

Ойы орамды, тілі жатық, пікірі дәлелді Көтеріліп отырған мәселе қанша 

күрделі  болса  да,  қысқа  да  нұсқа  әрі  көңілге  қонымды  түрде  берілген.  Бұл 

білікгілікті, сондай-ақ шеберлікті де ауадай қажет етеді. Осының бәрі тоғыса 

келе үлкен тәжірибе мектебін алдымызға тартады. 


Әлгіндегідей  суық  оймен  суыт  жүргізілген  солақай  саясат  салдарынан 

«жұрт  сеңдей  соғылған,  түнде  ұйқыдан,  күндіз  күлкіден  айырылып,  «әне 

келеді,  міне  келеді»  деп  өлім  жазасына  бұйырылған  үкімнің  орнына  келуін 

күткен  тұтқындай  болып  тұрған»  алмағайып  уақытта  халыққа  жол-жөн 

көрсету  сол  кезде  шын  мәнінде  қазақтың  қамқоршысына  айналған  «Қазақ» 

газеті басқармасына жеңіл соқпағандығы түсінікті. «Өз емірімізде басымызға 

тумаған  ұлы  дағдарысқа  ұшырадық,  -  деп  жазады  ол  жөніңде  кейіннен 

М.Дулатов:  -  Қайтпек  керек?  Не  істейміз?  Елге  не  айтамыз?  Біздің 

басшылығымыз  қандай  болмақ  керек?  Елдің  ризалықпен  көнгісі  келмейтіні, 

балаларын  бергісі  келмейтіні,  «соғыс»,  «солдат»  деген  сөздерден  өлердей 

қорқатыны,  патша  үкіметіне  сенімі  жоқтығы  белгілі.  «Көнбе,  берме»  дейміз 

бе? Оның түбі не болады? Немізге сеніп, «көнбе» дейміз? Көнбейтін күшіміз 

қайда?  ...Міне,  біздің  басымызды  даң  қылған,  миымызды  ашытқан, 

дағдарысқа  қалдырған  сұраулар  осылар  еді.  Қайткенде  де  бізге  бұл  жолдың 

біріне  түспеске  болмады.  Ол  кезде  1916  жыл  еді.  Жиһан  соғысының  қызып 

тұрған  шағы  еді.  Ресейдің  таяқ  жеп,  халқының  шаруашылығы  күйзеліп, 

патша  үкіметіне  наразылық  күннен-күнге  күшейіп,  саяси  партиялардың 

төңкерістен үміт етіп те тұрған шағы еді. Бірақ, ондай төңкеріс қашан болады

қалай  болады?  Ондай  төңкеріс  бола  қалғанда  қазақ  жұрты  көнбей,  қарысып 

отырып, соған аман-есен жете ала ма? Бұған біздің көзіміз жетпеді. Төңкеріс 

жолында  қазақ  жұрты  құрбан  болып-ақ  кетсін  деуге  дәтіміз  шадамады. 

Сондықтаң біз екінші жолды қаладық, көну керек дедік»

1



Басылым  басқармасы  осы  шешімін  газеттің  1916  жылғы  8-шілдеде 



жарық  көрген  бас  мақаласы  арқылы  дүйім  жұртқа  жария  етеді.  Бұл  күні 

кешеге  дейін  зерттеушілер  «...қазақ  буржуазияшыл  ұлтшылдарының  газеті 

(«Қазақ»  -  С.Қ.)  өзін  ұлтын  сатқан  орган  ретінде  көрсетті.  ...Ол  халықты 

патшаның  указын  орындауға,  патша  ағзамының  алдында  құрдай  жорғалап, 

қазақтарды  дереу  шақыру  пункітіне  келуге  үндеді»

1

  деп,  оңды-солды 



айыптауға  негіз  болған  әйгілі  мақала  болатын.  Ендеше,  апталық 

жарияланымдарын  тарата  талдай  отырып,  қаншалықты  патша  «сойылын 

соққандығын» айқындамасқа амалымыз қалмайды. 

«Соғыс»,  «солдат»  деген  сөздерден  онсыз  да




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет