«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жастарының»



Pdf көрінісі
бет112/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   133
келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жастарының» 
ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу 
ұлттың намысына тиер бұзаутіс қамшының ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. 
Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз 
өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазушының ішкі дүниесі ышқынып, 
ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей 
ұландарын қайрап, түйреп өтеді. 
Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осы-
ны жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. 
Батасыз ердің көгермейтінін біледі. 
Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын 
елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен 
жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниетанымға бөктіреді. В.Шукшин: «Мен 


«
телеграфтық стиль» дегенді білмеймін, тартпайтын әңгімені ғана білемін» депті. 
А.Кемелбаеваны оқу – қарысып қатқан қолтығыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы 
зердені талап етеді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық 
ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге 
бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әдебиеттің негізі көркем тіл, көмбеленген 
астарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. 
Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерінде 
ақпараттық нығыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеуріннен таза стиль қалыптас-
тыра алған өз жолы бар қаламгер

 
 
39. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет