«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті



Pdf көрінісі
бет37/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. 
Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деді. Президент өз 
тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола 
алатынымызды атап өтті. Академик О. Ысмағұлов: «Мәңгілік ел» ұғымы 
еліміздің тарихында ежелден бар. Бұл термин Түркі қағағанаты тұсында 
да қолданылған. Түркілер өздерінің ұлы мемлекетін «Мәңгі ел» деп 
атағаны тарихтан мәлім. Орхон ескерткіштерінде, Күлтегін 
жазбаларында да «Мәңгілік ел» сөзі ұшырасады. Демек, бұл кездейсоқ 
келген этнотермин емес. Қазақтар бағзы заманда қалыптасқан ұлт. 
Біздің тарихымыз – өз бой-бітімімізде, өз сүйегімізде таңбаланып 
қалған» , – дейді. «Мәңгілік ел» бүгін ғана айтыла салған атау емес. 
Тарихымызға көз жіберсек, түркі дәуірінде Тоныкөк абыздың айтқан 
сөзі бар екен: «Мәңгілік ел болып қалыптасуымыз керек. Біздің 
бектеріміз бен қағандарымыз өзге жұрттың алдауына түспеуі керек. Аға 
буын қателессе, ол кейінгі жас ұрпаққа да қиындығын тигізеді. 
Сондықтан, біз шектес, шекаралас елдермен сарабдал саясат жүргізуіміз 
керек» деген. 2003 жылы шыққан Елбасының «Тарих толқынында» атты 
кітабында біздің қазақтың ата тарихы он екі асқарлы белеске бөлінген. 
Соның бір белесінде Түркі қағанаты туралы айтылған. «Мәңгілік ел» 
қалыптасты деп нақты көрсетілген. «Мәңгілік ел» идеясының көтерілуі 
мен «Мәңгілік ел қақпасының ашылуы өте орынды. Себебі, бұл 
жаһандық жағдайда елдігімізді, тұтастығымызды сақтау үшін аса 
қажет, үлкен идея деп білемін. «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде біздің 
қазақ халқы титулды ұлт, ал біздің жерімізді мекендеуші өзге этностар 
сол ұлттың төңірегінде топтасып, әрмен қарай бейбіт өмір сүріп, саяси 
тұрақтылқты сақтауы тиіс. Ол үшін қазақ халқы бекем болса дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет