жастардың ішіндегі ең бір озық жарқын тұлға деп қарағаны, солай етіп бейнелегені кеңілге қонымды. Егер байыптап дүрыс аңғара алсақ, Құнанбай мен Абай, әке мен бала ретінде бір-бірімен қайшы кэрінбейді, кэбінесе екі заманның өкілі, екі мақсаттың, екі қоғамдық көзқарастың адамы тұрғысында қарсы қойылады. Ал екеуінің мінезі екі түрлі болса, Құнанбай айлакер, қатал керініп, Абай адап, әділет іздеген ақын жанды мінезде кэрінсе, мұның өз қисындылығы бар. Құнанбай ел арасындағы түрлі талас-тартыстың, қайшылықшиеленістердің тізгінін қолына ұстап отырған, әбден әккі болған ел билеуші екенін, ал Абайдың қоғам өміріндегі қарым- қатынастарға енді ғана кез тігіп, араласып жүргенін естен шығармаған абзал. Роман- эпопеядағы көркем шындықты өмірде болтан оқиғалардың қаз-қалпындағы керінісі деп қарауға болмайды. Оның өзі кэбінесе автордың көркемдік парасатынан есіп,
жетілген, сэйтіп эзара байланыс жүйесін тапқан өмір кэріністері боп табылады. Тек оқиғалар ментапас-тартыс төңірегінде ғана емес, белгілі кейіпкерлер мен оларға берілген көркем мінездемелер жэнінде де осыны айтуға болады. Эпопеяда автор ойынан туған көркем бейнелер мен қақтығыс жайларының өзі қаншама! Мүның қайсысы да автордың қоғам өміріндегі езекті мәселелерді көтеру барысында сол ортадағы әлеуметтік күштердің сан сапалығын, айрықша күрделілігін жарқын бейнелеп керсету мақсатынан туған. Эпопеяның түптеп келгенде, негізгі кейіпкері халық. Халық өмірінің алуан түрлі көріністері, құбылыстары шығармада ірілене, жинақтала, типтендіріле бейнеленеді. Романдағы бүкіл ірілі-ұсақты оқиға, тартыс, коллизиялар Абай арқылы, не оның тікелей қатысуымен, не әйтеуір қалайда