«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы



Pdf көрінісі
бет97/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   133
 
Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы 
жылына қадам басып отыр.Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың 
өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел
қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік 
жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау 
сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы 
– бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін 
тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, 
Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 
заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 
1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жақан далада өмір 
сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей 
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар
беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, 
сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын 
әріппен тарихта қалды.Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен 
елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ 
халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан 
оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы 
бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық 
заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет