«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


шешуге тиіс міндет», — деген ашық ұстаным айтты



Pdf көрінісі
бет42/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

шешуге тиіс міндет», — деген ашық ұстаным айтты. 
Иә, әрбір халықтың бақыт шекарасын айқын¬дайтын өлшемдер бар десек
оның ең бі¬ріншісі – тілі, екіншісі – асыл діні, үшін¬шісі – ғасырларға созылған 
тарихы. 
Патриоттық құндылық дегенiмiздің өзі — елi мен туған жерiн, Отанын сүю, 
мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн 
күресу, өзінің ана тілін, ділін, салт — дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық 
мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен 
адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту. 
Ал қазақстандық патриотизм — қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен 
ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің әлемдік биіктен көрінуі 
үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай 
отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш 
жігерін жұмсауы. 
Қазақстандық патрио¬тизм – бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке 
ша-қыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру. 
Отансүйгіштік рух — тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылып
дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін 
бірден-бір күш. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел 
басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен өз қадір-
қасиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек. 
Әр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дәстүрлерді мақтан ете 
отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. 
Саналы азамат болып қоғамға пайда келтіру, білім мен тәрбие алу, ата-ананы 
сыйлау және қартайған шағында оларға қамқорлық жасау әрбір жасөспірімнің 
парызы болып саналады. 
Ал ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет