«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


қабылдады.«Мәңгілік Ел» сөзі біздің тамыры тереңде жатқан түп тарихымыздан



Pdf көрінісі
бет99/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

қабылдады.«Мәңгілік Ел» сөзі біздің тамыры тереңде жатқан түп тарихымыздан 
белгілі. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік 
ел» деп өсиет қалдырған. Елбасымыз Тоныкөк бабамыздың өсиетін тілге тиек ете 
келіп: «Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол 
«Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан 
мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм 
дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы 
құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, 
гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр»,– деген 
болатын. Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі – 
бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. 
Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен 
асыл арманы бейнеленген бұл алаң – еліміздің басты алаңы. Болашағымызға бағдар 
ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мұраттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» идеясының 
ұғымын, оның мазмұнын, мәңгілік мұраттарға қол жеткізудің құндылықтарын 
насихаттау, жас ұрпақтың санасына сіңіру – қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті 
мәселелердің бірі. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – 
бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.Тәуелсіздік 
– ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар 
рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі 
барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – 
тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік 
құндылығы.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет