«Қазақ тілі» пәнінен жиынтық бағалауға тапсырмалар (оқыту қазақ тілінде емес) 11-сынып «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік»



бет23/26
Дата30.09.2023
өлшемі0,51 Mb.
#111886
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Айтылым.
Берілген тақырыптың бірін таңдап, 4-5 минуттық монолог дайындаңыз. Монолог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:

  • Алғашқы жиһанкездер

  • Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді

  • Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал

  • Абай – дана, Абай – дара. [5]

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Аты-жөні:______________________________________ Сыныбы: 11 « » Күні:_________
Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.
Толеранттылық қай кезеңде болсын ізгілікті іс ретінде саналған. Ол – рухани бірлікке апарар жол. Толеранттылық, төзімділік түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің ортаймауына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы сақталады. Негізінен, әр адамның татулықты қалауы – қоғамның тұтастығын қамтамасыз етудің бір тетігі. Жалпы, толеранттылық үрдіс қалыптаспай, өркениетті қоғам құру мүмкін емес. Ортадағы төзімсіздік, шыдамсыздық түрлі дау-дамайға, тәртіпсіздікке, адам құқығының бұзылуына алып келеді. Кейбір қоғамдарда орын алып жатқан нәсілдік кемсітушіліктер, күмәнді таптаурын көзқарастар, дінаралық, ұлтаралық түйткілдер осы төзімсіздіктің салдары. Төзбеушілік орын алған жерде оған қарсы күш пайда болады. Бұл өзара жанжалдың ушығуына апарып соғады. Жеке адам өз бойындағы төзімсіздікпен күресуі үшін, алдымен қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға, кесірлі топтарға қатысты өзінің байсалды ұстанымын қалыптастыра білуі қажет. Сондай-ақ, әр адам өзіне
«Мен өз ортамда төзімділік көрсетіп жүрмін бе?», «Өзімнің көзқарасыммен келіспейтіндерді қабылдай алып жүрмін бе?» дегендей мазмұнда сауал қоюы керек. Осы арада француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің: «…Егер сен мен сияқты болмасаң, сол үшін сені кемсітпеймін, қайта құрметтеймін», – деген сөзін келтіре кетейік. Бұдан біз өзгенің наным- сенімін, өмірлік ұстанымын сыйлау, сондай-ақ, жаратылыстар болмысының әртекті келетініне түсіністікпен қарау қажеттігін ұғамыз.
Әлемнің кереметі – ондағы тіршіліктің әртектілігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Жер бетінде өзіндік ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар түрлі ұлттар тұрады. Жер жүзіндегі адамдардың түп-тамырына үңілер болсақ, олардың бір-бірімен жіпсіз байланысты екеніне көз жеткіземіз. Осы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу үшін, біріншіден, толеранттылық керек. Адамдар бір-бірінің нәсіліне, ұлтына, жынысына, жас ерекшеліктеріне қарамай, өзара сыйласуға ұмтылуы адамзаттың үлкен жетістігі деп бағалануы тиіс. Толеранттылыққа, төзімділікке, ынтымақтастыққа, өзара келісімге ұмтылу – Жер жүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын сыйлауға, бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. (255 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет