«Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Аты-жөні:______________________________________ Сыныбы: 11 « » Күні:_____________
Оқу мақсаты
11.1.2.1
11.2.4.1
мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу) және берілген ақпараттарды жүйелеу
кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау
1. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, жұмыссыздық түрлеріне қатысты ақпараттарды түртіп алыңыз. Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек нарығында қажет болмауынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын ахуал.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың мынадай ерекше түрлерін қарастырады:
Фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуы.
Құрылымдық жұмыссыздық – өндірістік қуаттың жеткіліксіздігі нәтижесінде пайда болады: жеке саланың дамуының кері пропорциясы және/немесе ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық – өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Жалпы «жұмыссыз» деп, статистикалық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеу үстінде және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оны тудыратын әртүрлі нысандардың нақты факторларын қарастырады. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институционалды, ерікті, жасырын.
Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік ақпаратта жұмыссыз ретінде жалған тіркелу. Жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыссыз ретінде тіркеліп, әдетте, жәрдемақы алу құқығымен пайда көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Институционды жұмыссыздық еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туындайды.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе, қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға тәуелсіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды «жұмыссыз» деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалайды, ол адамның ет жақыны қайтыс болған жағдайда душар болатын күйзеліспен тең дәрежеде қарастырылады.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[8]