«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет12/25
Дата19.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44237
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Тыңдалым мен айтылым

  • Тапсырма

  • 1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра өз ойыңызды айтыңыз. Мәтеннен фактілік ақпарат пен автор көзқарасы көрінетін тұстардан кем дегенде 1 мысалдан келтіріңіз және дәлелдеңіз.

  • 2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Жұбыңыздың жауабына келісу не келіспеу пікіріңізді бідіріп, диалогке қатысыңыз.

  • [10]


  • 1-мәтін

  • Әлемді өзгерткен өнертапқыш балалар

  • Теріден жасалған құлаққап. 15 жастағы американдық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта қолдануға болатын құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан тігіп берді. 1877 жылдың 13 наурызында Честер өз өнертабысын патенттеу мүмкіндігіне ие болды. Өмірінің соңына дейін ол құлақты сыртқы шудан, суықтан қорғайтын жаңа заттарды шығарумен айналысты.

  • Мэн штатында 1977 жылдан бастап, өнертапқыштың құрметіне орай Честер Гринвуд (21 желтоқсан) күнін атап өтіп келеді.

  • Қалың қарда жүруге арналған көлік. Осындай көлікті ойлап табушы ретінде канадалық Жозеф-Арман Бомбардьеның аты аталады. Ол 15 жасында 1922 жылы ескі «Форданың» бөліктерімен бір аптаның ішінде қалың қарда жүруге арналған көлік жасап шығарды. Құрылғы шамамен бір мили жерді жүріп өткен. Арманның ағасы Леопольд табанына байланған екі арқан арқылы құрылғыны жүргізсе, Арманның өзі қолдан отын салып отырды. Кейін де өнертапқыш бірнеше техникаларды жасаумен айналысып, тек 1957 жылы ғана баяғы қарда жүретін көлігіне оралды. Көлік «Ski-Doo» атын алып, бірнеше даналары шығарыла бастады. Қазір бұл көлік қарда жүретіндердің ішінде ең танымалы болып саналады.

  • Жемісті мұз. Таяқшадағы балмұздақ – жемісті мұзды ең алғаш 11 жасар американдық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Бір жылдан соң, ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып сатумен айналысқан. Бірақ өсе келе балмұздақтан гөрі, жылжымайтын мүлікті сатуды дұрыс деп ойласа керек. Фрэнк 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан өніміне патент алып, сериялы өндіріске кірісті. АҚШ-тағы дағдарыс кезінде бұл балмұздақ басқа адаммен бөлісіп жеуге болатындай, екі таяқшамен шығарылды.

  • Брайль қаріпі. Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельфті-нүкте жазуын 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол әкесінің шеберханасында етік тігуге арналған бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы жарыққа шықты. (270 сөз)


  • 2-мәтін

  • XX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ең әйгілі тұлғалардың бірі – Альберт Эйнштейн. Көзі тірісінде көптеген жетістіктерге жеткен ғалым Нобель сыйлығын алып қана қоймай, ғылымның ғалам жайлы түсінігін түбегейлі өзгертіп кетті. Оның 300-ге жуық ғылыми жұмысы мен 150-ге жуық кітабы, сан алуан мақалалары білімнің әр саласын қамтыған. 1879 жылы Германияда дүниеге келіп, 1955 жылы 76 жасында АҚШ-та қайтыс болған Альберт Эйнштейн туралы замандастары түрлі аңыз-әпсана қалдырған. Оның қайсысы рас, қайсысы өтірік екені де белгісіз.

  • Эйнштейннің ғылымға деген қызығушылығы 5 жасында туған. Бірде ол ауырып қалып, әкесі оны жұбату үшін қолына компас берген екен. Бала Альберт құралдың құрылымына қатты қызығып, содан бастап түрлі зерттеулерге ден қойған деседі.

  • Эйнштейннің музыкаға деген махаббаты ерекше болған. Ол бала кезінде скрипкада ойнауды үйреніп, өмір бойы сол аспапты өзімен алып жүрген.

  • XX ғасырдың ортасында Израиль мемлекеті құрылған шақта еврей ұлтынан шыққан Эйнтштейнге ел президенті болу туралы ұсыныс түскен. Тәжірибенің жоқтығы мен өзінің саясаткер емес, ғалым екенін айтқан ол бұл ұсыныстан бас тартқан.

  • Өзінің атағын пайдаланып, ғалым бір кездері әр қолтаңбасы үшін 1 доллар ақы алып отырған. Түскен қаржының бәрін ол қайырымдылыққа жұмсаған.

  • Альберт Эйнштейн бала кезінде математиканы нашар оқыған деген қате пікір бар. Шын мәнінде ол 15 жасының өзінде дифференциалды және интегралды есептеу жүйелерін жақсы меңгеріп үлгерген.

  • Бірде трамвайда отырып қатты ойланып кеткен ғалым жол ақысын дұрыс төлемеген екен. Кондуктор қыз ескерту жасағаннан кейін ғана Эйнштейн қатесін байқап, ақшаны толық беріпті. Оны танымаған қыз күлімдеген күйі: «Түк етпейді, ата. Тек математиканы үйреніп алсаңыз көмегі тиер еді» деген екен.

  • Физик ешқашан шұлық кимегені белгілі. Тіпті, үлкен шаралардың өзіне де ол шұлықсыз келетін. Бірақ ол өзінің бұл әрекетін ешқашан түсіндірген емес.

  • Ғалым өлер алдында неміс тілінде бірнеше сөз айтқан. Алайда оған қараушы медбике неміс тілін білмегендіктен, оның не айтқанын түсінбеген және есінде сақтай алмаған. (285 сөз)




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет