«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет7/18
Дата18.05.2023
өлшемі103,56 Kb.
#94416
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Б мәтіні
Еуразиялық экономикалық одақ - бұл Жер шарының ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі. Бұл - энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестік. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ, бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге қадам жасап отыр.
2014 жылдың 29 мамырында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа үш мемлекет басшылары Астанада қол қойды. Кейіннен Еуразиялық одақ кеңістігі Армения Республикасымен толығып, «үштік» одақ болып құрылған ұйым, «төрттік» бірлестік ретінде жұмысқа кірісіп отыр.
Ал мұндай экономикалық Одақ мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде мемлекеттер экономикасының тұрақты дамуы үшін жағдай жасайтын болады. Бұл бірден-бір принцпті мәселе.
Айта кетерлігі, тек соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88 пайызға өсіп, 24 млрд. долларлық мөлшерге жеткен. Ресей мен Беларусь еліне қазақстандық экспорт 63 пайызға ұлғайып, 6 млрд. доллар құрады.
Ендеше, Еуразиялық интеграцияның тарихи кезеңіне қатысты бірқатар мәселелерге назар аударсақ. Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен теңқұқылық, мақсатқа сәйкестілік, кезеңділік, прагматизм және ортақ тиімділік қағидаттары негізінде құрылды. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған. Оның аясында тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясатты жүргізу көзделеді. Сарапшылар болашақтағы интеграциялық тиімділік шеңберінде 2030 жылға қарай Ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімін 900 млрд. доллар көлемінде бағалап отыр. Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті барынша жоғары екенін осыдан да аңғаруға болады. Ал одақ елдерінің жиынтық экономикалық ауқымы 2,2 трлн. долларды құрайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер нарығына отандық тауарлардың шығуына кедергілер жойыла түседі. Сонымен қатар, экспорттаушылардың әріптес елдердің көлік инфрақұрылымына қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлары да қамтылатыны анық. Мұның өзі көліктік шығындарды азайтуға және үшінші елдер нарығында қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз. (rusnauka.com)

В мәтіні
Мұхтар Шаханов
«Өркениеттің адасуы» романынан үзінді.
Компьютербасты жарты адамдар
Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құймақ ұлақты,
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! – деп тіл қатыпты әлгі адам. –
Ал дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырына ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен
жарты ұлға.
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?
Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты бастық,
жарты ұстаздар,
жарты қыздар,
жарты ұлдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет