«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 5-сынып



бет25/25
Дата06.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#15535
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 5кл

Жазылым


Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға саяхатыңыздың қызықтарымен бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық, құрылымдық, ресімделуіндегі ерекшеліктерді ескеріңіз.

[10]
Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. Талқылау кезінде жоғары ойлау деңгейін көрсететін ашық сұрақтар қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым


Балл

Мәтінді талдау

Ақпараттарды ажырату

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетіп, мәтіннің негізгі ойын өте дәл көрсетеді.

Мәтіндегі нақты ақпараттарды көрсетіп, себебін өте жақсы түсіндіреді.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгенін көрсетіп, мәтін мазмұнына қысқаша сипаттайды.

Мәтіндегі нақты ақпараттарын көрсетіп, себебін жақсы түсіндіреді.

3

Мәтін мазмұнын қанағаттанарлық деңгейде түсінгенін көрсетіп, жалпы мазмұнға жуық сипаттама береді.

Мәтіндегі кейбір нақты ақпараттарды көрсетеді, себебін түсіндіруі қанағаттанарлық.

2

Мәтін мазмұнын шектеулі деңгейде түсінгенін көрсетіп, мәтіннің негізгі ойы мен мазмұнын ашпайтын түсіндірме береді.

Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтауда қателеседі, себебін түсіндіруі шектеулі.

1

Мәтін мазмұнын түсінуі өте шектеулі. Сипаттама мен мәтіннің өзара байланысы жоқ.

Нақты ақпараттарды көрсетуде қателеседі, себебін түсіндірмейді.

0

Мәтінде көтерілген мәселені мүлде түсінбейді.

Нақты ақпараттарды ажырата алмайды.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тілдік құралдарды барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Жанрға сай ресімдейді (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы).

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.



7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды. Жанрға сай ресімдейді (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы).

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.



5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы) сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы) толық сақтай бермейді, жазылу сипатында бірізділік жоқ.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы) сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет