«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 5-сынып



бет19/25
Дата06.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#15535
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 5кл

Оқылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз.

[5]
Жаяу жүргіншіге арналған нұсқаулық

1. Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2. Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;

3. Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4. Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;

5. Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;

6. Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;

7. Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.


Мәтін не туралы?



Құрылымы



Қалай ресімделген?



Жанры және жанрлық ерекшелігі неде?



2. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталаған сұрақ (3-5) құрастырыңыз.

[5]












Жазылым

Төменде берілген суреттердің бірін негізге ала отырып, әңгіме жазыңыз. Әңгімеңіздің белгілі бір сюжетке құрылуын, қызықты эпизодтың, шағын кейіпкерлер жүйесінің болуын ескеріп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. Сөз саны шамамен 120-150.



1) Жолда жүру ережесіне байланысты өмірде болатын оқиғалар желісі. Кейіпкерлері: Әжей, бала (есімерін ойластырыңыз).



2) Адамдардың мінез-құлықтарына қатысты туындайтын кикілжіңдерді негізге ала отырып, соңы татулықпен аяқталатын әңгіме құрастырыңыз. Кейіпкерлері кімдер болмақ? Ойланыңыз.



3) Кейіпкерлері әлемді жойғысы келген зұлым күш иесі және оған жол бермеген сәуегей қария болатын қиял- ғажайып әңгіме жазыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет