«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата04.11.2023
өлшемі0,82 Mb.
#122175
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
osh sor aza-tili 11 ogn

 
Оқу мақсаты 
11.2.6.1 
11.3.6.1 
белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын 
жүйелі қолдана білу 
әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды 
ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, 
әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 
Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі 
қолданады 
Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды 
қолданып, әңгіме жазады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Жоғары ойлау дағдылары 
Орындау уақыты 
15-20 минут 
Тапсырма 
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі негізгі, деталды ақпараттарды, ұлттық құндылықтарды 
жіктеп, кестеге түсіріңіз. 
Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана 
емес, өз дәуірінің бай тарихи мұралары сақталған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi. 1978 
жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет 
көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған. 
Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV 
ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар. Олар 
тайқазан, шырағдандар және қазандық, қабірхана есіктері, олардың қола халькалары мен 
балғашалары.
Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары келген адам ғимарат ішіне кіретін 
есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер: жамағатхана бөлмесінің есігі – «Қақпа» және 
қабырхана есігі – «Қапсырма». Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік 
мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы 
хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, 
алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген.
Қоладан құйылып, алтын күміс жалатылған алты шырағдан мен есік тұтқалары да халық 
өнерінің лағыл маржандарының қатарына жатады. Бұларды жасаушы шебер исфаһандық 
Таджед-Дин ұлы Изеддин. Қола тұтқада хижраның 797 жылы жасалғандығы көрсетілсе, Қола 
шырағдандардағы жазулар хижраның 799 жылғы 20 рамазанында Әмір Темірдің 
тапсырысымен жасалғандығы жазылған. 
Музей қорының этнография тобында Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлерден 
бастап ХХ ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын қазақтың қолөнер қазыналарының небір тамаша 
үлгілері сақталуда. Этнография бөліміндегі қазақтың қолөнер туындыларынан кесте-тоқыма 
бұйымдар, ағаштан, теріден жасалған ыдыс-аяқтар мен үй жиһаздары, құмандар мен 
самаурындар, әсіресе, тек күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың бірін-бірі қайталамайтын 
800-ден аса түрлері кездеседі. Олар халқымыздың XVIII-XIXғғ. қолөнер туындыларын сол 
қалпында сақтап қайта елге алып келгендiгiмен және кейбiреулерi өздерi тiршiлiк еткен елдiң 
мәдениетiн далалық қазақ мәдениетiне сiңiрiп, синтезделiп келген мәдени мұралар екендiгiмен 
құнды. 
 


 
25 
Негізгі 
ақпараттар 
Детальды 
ақпараттар 
Қосымша 
ақпарат 
Ұлттық 
құндылықтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет