«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
 
 
2-мәтін 
Тәуелсіздігін жариялаған аз уақыт ішінде Қазақстанды дүниежүзінің жиырмадан астам 
мемлекеті мойындады. Қазақстанның мемлекеттілігін ең алғаш мойындаған бауырлас ел – Түркия 
болса, АҚШ алғашқылардың бірі болып Қазақстанда өзінің елшілігін ашты.
1991 жылы тамызда еліміздің бірінші президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Семей 
ядролық полигоны түпкілікті жабылды. Сөйтіп ядролық қару-жарақты таратпау Қазақстанның 
сыртқы саясатындағы бейбітсүйгіш саясаттың басты бағыты болып қалды. Ал 1992 жылы 2 
наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Сол жылы 5 қазанда 
Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен алғаш рет сөз сөйлеп, бүкіл әлемге 
тәуелсіз елімізді жан-жақты таныстырды. Бұл біздің еліміздің бүкіл дүниежүзілік кеңістікте 
көзқарасын нығайтуына мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік елімізге сырттан қол 
сұғушылықтан қорғануға кепіл бола алады.
Бұған қоса, еліміздің Бірінші президенті 1992 жылы БҰҰ-ның кезекті алқалы жиынында Азия 
құрлығындағы мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтап қалу мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және 
сенім шаралары жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Бұл ұйым 2002 жылы маусым айында осы кеңестің 



Алматыда өткен алғашқы саммитінде түпкілікті рәсімделді. Кеңестің құрылғаны жөніндегі арнайы 
құжатқа Азияның 16 мемлекетінің басшылары қол қойып, қуаттады.
Ал 1994 жылы желтоқсанда Будапештте ядролық қаруы бар елдер Қазақстанның ядролық 
қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына кепілдік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп 
Қазақстан ядролық қаруларды таратпау жөніндегі шартқа қосылды. Бұған қоса, көршілес Ресеймен, 
Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстан және Түркіменстанмен мемлекеттік шекара анықталып, 
толық шегенделді. Бұған қоса, Ресеймен, Түркіменстанмен және Әзірбайжанмен Каспий теңізіндегі 
шекара да анықталып, белгіленді. 
Сонымен қатар Қазақстанның ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕАЭО тәрізді аймақтық құрылымдарға, 
сондай-ақ ДСҰ-ға мүшелікке енуі біздің еліміздің Еуразия кеңістігіндегі белсенді сыртқы саясатын 
айқындай түсті. Дүниежүзі сарапшылары Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы көшбастаушы 
ғана емес, аймақтағы іргелі ел ретінде мойындауда. (250 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет