«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
4-мәтін 
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі 
болды. Ол – тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес, сонымен қатар 
рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі – 
«субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді.
Жастар субмәдениеті – киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айырықша 
әуестенулерден көрініс табатын, үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген 
өзіндік қарсылық.
Қала көшелерінен субмәдениет өкілдерін міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені 
олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Жастар оларды көргенде 
«керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады?» деп күрсінеді, 
енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай жатады.
Субмәдениет – бұл жастардың қоғамдағы әлеуметтік белсенділік алаңы. Қазіргі жастардың 
жеке, өзіндік өмірге аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты 


10 
кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешкендеріне 
сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің 
әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір 
кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын 
ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс 
қалдырып жатамыз.
Ендеше, келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн осындай бөтен мәдениет түрiн 
қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән 
ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, қазақ 
деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек.
(223 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет