«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#13585
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
doc450202810 515311534

 

Транскрипт 

1-мәтін 

Соңғы  санақ  нәтижесі  Қазақстанда  адам  санының  өсімі  бар  екенін  көрсетті.  Алайда 

кейінгі  жылдардағы  елдің  демографиялық  ахуалының  нашарлап  бара  жатқанын  ресми 

деректер  де  жоққа  шығармайды.  Осы  өзекті  мәселеге  арналған  Азаттық  радиосының 

дөңгелек үстеліне ресми орындар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

24  желтоқсанда  Алматыда  өткен  республикалық  конференцияда  сөйлеген  сөзінде 

мәжіліс  депутаты  Айткүл  Самақова  «өткен  жылдың  қаңтарынан  қыркүйек  айына  дейін 

алдыңғы  жылдың  дәл  осындай  кезеңімен  салыстырғанда  1339  сәби  кем  туды»,  –  деп 

мәлімдеді.  Алайда  депутат  2009  жылы  нақты  қанша  сәбидің  дүниеге  келгені  туралы  тіс 

жармады.  

Оған  қоса  ерлер  мен  әйелдердің  санындағы  айырмашылықтың  алшақтай  түскені 

байқалды.  Айткүл  Самақованың  атап  көрсетуінше,  ерлер  мен  әйелдер  санындағы 

айырмашылық 30 жастан басталып, зейнетке шығатын уақытқа қарай 100 ер кісіге 140 әйел 

адам келеді. Оның ішінде бала тәрбиелейтін жастағы ерлердің саны айтарлықтай кем болып 

отыр. 

Мәжіліс  депутатының  мәліметіне  сәйкес,  ерлер  мен  әйелдердің  жас  ұзақтығында  да 



айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, 2008 жылы ерлердің орташа жасы әйелдерден 10,5 

жылға кем болған.  

 

2-мәтін 

Қазақстандағы  демографиялық  көрсеткіштердің  айтарлықтай  нашарлағанын  ресми 

билік мойындады. Ал олардың нашарлауына нақты қандай факторлар себеп болды? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет