«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#13585
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
doc450202810 515311534

 

1-мәтін 

Гендік  инженерияда  гендерді  тасымалдау  арқылы  түраралық  кедергілерді  жойып, 

қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады. 

Инженерия  түсінігінің  өзі  «құрастыру»  деген  мағынаны  береді.  Олай  болса,  гендік 

инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша 

жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны 

ауыл  шаруашылығында,  медицинада  пайдалану  арқылы  өсімдіктер,  жануарлар  мен 

микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды. 

Соңғы  жылдары  гендік  инженерияның  көмегімен  бактериялық  клеткадан  вирустық 

ауруларды  емдеуге  қолданылатын  интерферон  және  өсу  гормоны  –  соматотропин 

нәруыздарын  алуға  қол  жетті.  Қант  диабеті  ауруын  емдеуге  қолданылатын  инсулин 

гормонын  алудың  арзан  жолы  табылды.  Бұрын  инсулин  жануарлардың  ұйқы  безінен  өте 

қымбатқа  түсетін  жолмен  алынатын  еді.  Қазіргі  кезде  гендік  инженерия  әдісімен  ішек 

таяқшасы бактериясынан бөлініп алынатын болды. 

Жануарлар  селекциясында  гендік  инженерияға  байланысты  аустралиялық  ғалымдар 

гендер құрамына өсу гормонының генін енгізе отырып, кәдімгі шошқаға қарағанда екі еседей 

жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шығарды. 

Ағылшын  ғалымдары  геномына  қанның  ұюын  тездететін  ген  енгізілген  қой  алды. 

Мұндай  қойдан  бөліп  алынған  арзанға  түсетін  препаратты  гемофилия  ауруын  емдеуде 

қолданады. 

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесінде ауадағы азотты тұтатын қасиеті бар 

түйнек  бактериялары  селбесіп  тіршілік  ететіні  белгілі.  Олар  топырақты  азотты 

қосылыстармен  байытады.  Қазіргі  кезде  осы  бактериялардағы  азотты  тұтатын  генді  астық 

тұқымдастар геномына енгізу жұмыстары жүргізілуде. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет