«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет40/57
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#13585
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Байланысты:
doc450202810 515311534

 

2-мәтін 

Қазақстанда  BBC  мен  CNN  сынды  ағылшын  тіліндегі  телеарналар  ашу  ұсынылды. 

Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, - деп 

хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан  шетелдік  компаниялар  үшін  қызықты  бола  бастады,  ол  біздің  елге  келіп 

жатқан  шетелдік  инвестицияның  күн  сайын  өсіп  жатқанын  және  мемлекеттің  тұрақты 

саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде 

Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен 

Russia  Today  United  Kingdom  телеарналары  Вашингтон  мен  Лондондағы  жеке  студиялары 

арқылы  эфирге  шығады.  Russia  Today  телеарнасының  тәулік  бойы  әлем  бойынша  700 

миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі",  - дейді Әлиев. Оның айтуынша, әлемнің 

көптеген  елінде  имидждік  саясатқа  едәуір  қаржы  бөлінеді.  "Қазақстанның  позитивтік 

имиджі,  оның  отандық  және  шетелдік  қоғамдық-саяси  және  іскерлік  шеңбердегі  беделі 

әлемдік  аренада  ұлттық  мүддені  ілгері  бастыруға  негіз  болатын  фактор  және  серіктестік 

қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады", - деді ол.  

"Осыған  байланысты  Russia  Today,  BBC  және  CNN  сынды  қосымша  телевизиялық 

ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту 

жоспарларын  жетілдіруді;  шетелге  біздің  елдің  жетістіктерін  жазып  тарататын  The  Times, 

Die  Welt,  Daily  Telegraph  сынды  қазақстандық  басылымдарды  ашуды  ұсынамыз",  -  дейді 

мәжілісмен  өзінің  сауалында.  Сонымен  қатар  депутат  бұл  жобаларды  іске  асыру  үшін 

мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты. 

Депутаттың  ойынша,  Қазақстанның  позитивті  имиджі  жаңа  инвестицияларды  тарту 

арқылы  әлеуметтік-экономикалық  дамуды  тездететін  және  туризмді  дамытатын  алғышарт 

болады. 


 

 



 

29 


 

Оқылым 

Мәтіндерді  тақырыбын,  қызметін,  тілдік  ерекшеліктерін  өзара  салыстырып,  өңдеп,  өз 

көзқарасыңызды  жазбаша  білдіріңіз.  Жазбаңызда  түсіндірмелі,  кезектес,  талғаулы  салалас 

құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет