Құрмалас сөйлем синтаксисі
1.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды. В) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді. С)Күнзила ақырын кіріп, баласына мейірлене қарап тұрды. Д) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетіпті. Е)Баласы әдемі болып өсті, ана арманы орындалды.
2. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. А) Бүгін жаңа ай туды. В) Қазір сабағыңды жақсылап оқысаң, ертең «5» аласың. С) Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды. Д) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды. Е) Балалық шақ...
3. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Өзіңе қарай дос таңда. В) Сыйға сый, сыраға бал. С) Көрші ақысы – құдай ақысы. Д) Жеті рет өлше, бір рет кес. Е) Шөмішпен сорпа ішкізіп, сабымен көзін шығарма.
4.Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Е, құдайға шүкір, енді атын қояйық. В)Нұржан аға, біз Мұқатай екеуіміз, итмұрын тердік. С)Түс ауып барады, алайда жаудың шабуылы күшеюде. Д)Иә, ердің ерін, өнер жұлдызын елі әрқашан еске алады. Е)Қаптап жатқан ойын – сауық: айт, той, құдалық.
5.Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз. А)Біздің үй өте жылы болғандықтан, балалар үйде отырды. В)Жақын маңайда ауыл көрінгенмен, ол өте алыста еді. С)Мен тыста жүрген кезде, телефон сұраушылар да көбейіп кетіпті. Д)Бірер керек кітабын алып шықпақ болып,өзі жалғыз кіріп еді. Е)Ол не қорқуды білмейді,не ұшып кетпейді, не жылжып орын беруді білмейді.
6.Жалғаулықты қарсылықты бағыныңқы сөйлемді көрсетіңіз. А)Бас болмақ оңай, бастамақ қиын. В)Каюткиннің жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді. С)Түн қараңғы болғанмен, подъездің іші жарық. Д)Ең үлкен адам. Е)Ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр.
7.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. А)Екі жақты тыңдап алмай үкім шығармаңыз. В)Таң алдында азғантай мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. С)Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды. Д)Енді он минут кешіккенде,атқа да үлгірмейді екенбіз. Е)Таң атып келе жатыр.
8.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А)Ел сүйсе, ер де сүйеді. В)Бала өссе, әке тынығады. С)Ыстық асқа үрлеме. Д)Үлкен келсе, барың бер. Е)Дос табу оңай, сақтау қиын.
9.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады. В)Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ. С)Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар. Д)Бұл жерде не сен тұрарсың, не мен тұрармын. Е)Ең тәттісі – тіл.
10.Аралас құрмаласты табыңыз. А)Сонау төменде Әкімнің шамы жарқылдады, қайласы шақылдады. В)Қуанышым қойныма сыймай, үйге асыға жүгірдім. С)Қуыршақ шап беріп ұстады да, белбеуімді бұрап жібергенде, жаным ышқынып кетті. Д)Зал тынған соң, Естай Сырбайға сөз берді. Е)Ақыл жастан шығады, Асыл тастан шығады.
11.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Әлкендер төрде отыр, жастар босағада отыр. В)Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді. С)Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. Д)Жазира жұмысқа орналасты, себебі өзіне ұнаушы еді. Е)Қалаға ол күн көтерілген соң жетсе де, қорқынышы тарай қоймады.
12.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. А)Біреу күн шықпастан тұрып, тау жақтан желдіріп келеді. В)Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.
С)Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып дем
алды. Д)Бір ұстасып қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің. Е)Қар суы, жаңбыр
суы соның ырысы.
13.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. А)Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады. В)Таяқ тиген жер жаныма батып барады, алайда сыр берген жоқпын.
С)Көйлегі көлбеңдей, аяқ сыбдырын білдірмей басып біреу келеді.
Д)Құс атаулы аспанда да толып жүр, қарлығаш, ұзақ, қарға-бәрі де бар.
Е)Сабақ ерте басталды.
14. «Алайда», «әйтсе де «, « сонда да» - қай салаласқа тән? А)Ыңғайлас. В)Талғаулықты. С)Қарсылықты. Д)Себеп-салдар. Е)Кезектес.
15. «Дегенмен» шылауының қатысуы арқылы қандай құрмалас жасауға болады,
белгілеңіз А)Ыңғайлас салалас. В)Кезектес салалас. С)Талғаулы салалас.
Д)Қарсылықты салалас. Е)Себеп-салдар салалас.
16.Себеп – салдар салалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Ұлжалғас жаза да біледі, оқи да алады. В)Үйдің іші суық, өйткені от әлі жағылған жоқ. С)Біресе шөп суылдайды, біресе су
сылдырлайды. Д)Бүркітбайдың ашуланғандығы сондай есікті тарс жапты да,
кетіп қалды. Е)Ағащта жеті торғай отыр.
17. Үйде шешен,- дауда жоқ. Салаластың түрін анықтаңыз. А)Ыңғайлас. В)Іліктес. С)Қарсылықты. Д)Кезектес. Е)Талғаулы.
18. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. А)Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым көбейеді. В)Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе отырады,
біресе тұрады. С)Ұлберген кедей болғанмен, киім – кешектерін таза ұстайтын.
Д)Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс – тұрысының
сыбдырын сездірмеуге тырысты. Е)Оқу үйі.
19.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Абай Ерболдың ақындығын бұрын да білуші еді, бірақ көңіл аудармаған. В)Әбіш келгелі, ауыл жастары бұл үйден шықпайтын болды. С)Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. Д)Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Е)Ексең егін, ішерсің тегін.
20.Үш және төрт сөйлемнен тұрып, салаласып та сабақтасып та келетін құбылыс –
қай құрмаласқа тән? А)Салалас В)Сабақтас С)Көп бағыныңқылы құрмалас Д)Қарсылықты салалас Е)Аралас құрмалас
21. Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Теңіз тынышталды, бірақ ешнәрсе көрінбейді. В)Ол шнурды тартып қалып еді, трактор гүрілдей жөнелді.
С)Ең сенімді су жер жер астынікі, оны іздеп табу керек. Д)Кітап - білім бұлағы,
білім – өмір шырағы. Е)Жел соқты, қар жауды.
22.Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. А)Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан зерігуден, ауырудан, жоқшылықтан құтқарады. В)Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен
Серік тыста қалған. С)Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді
есіме түсірдім. Д)Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша,
шахтаға жіберуге тыйым салған. Е) Білікті адам айтпай – ақ жаныңды ұғар.
23.Салалас құрмаластың түрі қанша?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 6 Е) 5
24. Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші де шешен болады.
В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.
Д) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады.
Е) Саяхатшылар көп келді.
25. Үтірдің қойылу себебін анықтап, дұрысын белгілеңіз.
Ертеңіне жылқыларын жан - жаққа таратып жіберді де, Есеней кешке қарай
Артықбай батырдың үйіне барды.
А) Құрмалас Б) Сабақтас құрмалас С) Салалас құрмалас
Д) Ыңғайлас салалас Е) Қарсылықты салалас
26. Қимыл - сын бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А) Жарысқа түспегені болмаса анық ақын дейді. В) Барып құлақ салсақ та,
ешбір дыбыс естілмейді. С) Ұзын кірпіктері қыбыр - қыбыр етіп,
Манар әлдебір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты.
Д) Бала күнінде қатты тәртіп көрген, түбінде өнерімен қуантады.
Е) Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі - тысқы сан сипат қасиетінен құралады.
27. Қарсылықты салалас жалғаулықтарын белгілеңіз.
А) мынау, соншалық В) өйткені, себебі С) әлде, болмаса
Д) бірақ, дегенмен Е) кейде, біресе
28. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.
А) Сейіл қарт тез қозғалып, сырқат балаға жетіп барды. В) Күн қызарып
батып бара жатқанда, Кәден жігіттермен тегіс атқа қонды.
С) Абыройлы болам десең, ел сеніміне ие бол. Д) Бұлардың әрқайсысы –
болашақта бір - бір үйдің бақыты, боздағы...
Е) Егер жазатайым жылқысын алдырған жігіттер біліп қалса, соңынан қуғыншы қуған күннің өзінде де, бұл онша саса қоймайтын.
29. Схема қандай сабақтастың түрін білдіреді.
Бағыныңқы
Бағыныңқы
Басыңқы
А) Қимыл - сын В) Мезгіл С) Жарыспалы Д) Шартты
Е) Сатылы
30. Көп бағыныңқылы сабақтас түрін анықтаңыз.
Жолаушылар қалың шұбардың арасына тоқтап, әркім әр жерге төсеніштерін жайып жатқан кезде, Мәмбетәлілердің қосына тағы да сумаң етіп Козлов келді.
А)Мезгіл бағыныңқылы сабақтас В) Шартты бағыныңқылы сабақтас С) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас Д) Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас Е) Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас
31. Салалас енген жай сөйлемдер «бірақ», «өйткені», «сондықтан», «дегенмен», «алайда» деген жалғаулықтармен келгенде қойылатын тыныс белгісі.
А) Жалғаулықтардан кейін үтір. В) Жалғаулықтардан бұрын сызықша.
С) Жалғаулықтардан бұрын үтір. Д) Еш нәрсе қойылмады. Е) Жалғаулықтардан соң үтір, сызықша.
32. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сапар бұған қарсылық білдірмей, Жарқын мезгеген тұсқа барды. В) Жақыпбек көңілсіз ойлардан серпілгісі келіп, Майн - Ридтің романдарының бірін алып оқуға кірісті. С) Шахта, техника өскен сайын, жаңа ұсыныс, жаңа пікірлер де көбейе түсті.
Д) Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем. Е) Қар еріп, күн жылынды.
33. Себеп – салдар салаластың шылауларын табыңыз.
А) Сондықтан, және, әрі В) Өйткені, сол себепті, бірақ С) Өйткені, сондықтан, сол себепті Д) Немесе, бірде, кейде Е) Дегенмен, әйтсе де, ал
34. Талғаулы салалас құрмаласты табыңыз.
А) Үйге ол да кірді, мен де кірдім. В) Жел ұйытқып соқты, бірақ жаңбыр жаумады.
С) Я мен кетермін, яки сен кетерсің. Д) Сабақ аяқталды, студенттер де үзіліске шықты. Е) Шығарма жаздым, оны тексердім.
35. Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
А) Ыңғайлас салалас В) Салалас құрмалас С) Себеп - салдар салалас Д) Кезектес салалас Е) Қарсылықты салалас
36. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Кеше Санжар «3» алды, өйткені кеше сабаққа дайындалмап еді. В) Дауылдың қатты болғандығы сондай - бірнеше ағаш сыныпты. С) Мен де қуандым, Ардақты да қуанттым. Д) Бұл гүл кішкентай, бірақ өте әдемі. Е) Сәрсен оқуды жақсы бітірді.
37. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де ундескен жоқ. В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Танк өз – өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң – топырақ бұрқ ете қалды. Д) Жақсы, үлгілі комбайыншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
Е)Ізденіс түбі – жеңіс.
38. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймайды.
В) Қақпан - қасқыр, түлкі, борсық сияқтыларды аулауға арналған құрал.
С) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. Д) Асқар мен шешесі
дұшпанның шеңгеліне ілікпес үшін, аудан орталығы халқымен бірге теміржол
станциясына жөнелтілді. Е) Жанар тауда шаңғы тебеді.
39. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Жақыпбек ойлардан бір серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
В)Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз
алдымда тұрады. С)Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.
Д)Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік. Е)Біресе жаңбыр жауып, біресе қар
жауады.
40.Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар.
Салаластың қай түрі белгілеңіз.
А)Ыңғайлас В)Қарсылықты С)Талғаулы Д)Себеп – салдар Е)Түсіндірмелі
41.Құрмалас түрін анықтаңыз. Мейрам бой жазуға вагоннан түссе,күн қоңыр
Достарыңызбен бөлісу: |