Қазақ тілі пәнінен тест жинағы. Мазмұны: Фонетика



бет21/22
Дата15.06.2022
өлшемі491,5 Kb.
#36907
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
0000c62d-2cf1f9d6

адырдан асып кеткен екен.
А)Шартты бағыныңқылы сабақтас В)Салалас құрмалас С)Мезгіл бағыныңқылы
сабақтас Д)Қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас Е)Талғаулы салалас

42.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.


А)Айтқандарың жаққан соң, алыс – жақын тыңдайды. В)Қараңғы түсті де,
жұлдыздар көріне бастады. С)Олақ өзгеге сенсе, өнерлі өзіне сенеді. Д)Ұлың өссе,
ұлығың. Е)Түлкінің қызылдығы өзіне сор.

43.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.


А)Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.
В)Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай, - бәрі де бар.
С)Күн бұлттанды. Д)Сыныпқа мұғалім, директор кірді. Е)Жолында асқар тау
тұрса да, топ жарып өтетін сияқты.

44.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.


А)Өмірінде қауіп – қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
В)Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, онан өзімнің қалай айырылғанымды
айтып берейін. С)Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
Д)Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
Е)Сын түзелмей, мін түзелмес.

45.Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.


А)Үйдің іші үн – түнсіз,көңілсіздік басқан. В)Тоқтамай сөйлей берсеңші,
уақытың жетпес. С)Бір рет айтудан бұрын 2 рет ойлап алсаң, екі есе жақсы
айтасың. Д)Айтар ойы болмаған соң, бос сөзге үйір. Е)Тілмен тас жаруына қарама,
тындыруына қара.

46.Бағыныңқыларын жасалу жолына қарай қай топқа жатқызамыз?


Түлкі кезікпей, аңшылар жолы болмай, қосқа кеш қайтты.
А)Қарсылықты құрмалас В)Шартты бағыныңқылы құрмалас
С)Бірыңғай жарыспалы Д)Себеп бағыныңқылы Е)Әр алуан жарыспалы

47.Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.


А)Аспан ашық, айнала тып – тыныш В)Он бесіңде азамат болсаң, еңбегіміз өнімді
болсын, қамбамыз жеміске толсын. С)Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс
естілмейді. Д)Сіздерге бар айтарым сол – сағат төртте осында келіңіздер.
Е)Мен аққала жасап жүрмін.

48.Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.


А)Сейіл қарт тез қозғалып, сырқат балаға жетіп барды. В)Күн қызарып батып бара
жатқанда, Қасен жігіттерімен тегіс атқа қонды. С)Абыройлы болам десең, ел
сеніміне ие бол. Д)Бұлардың әрқайсысы – болашақта бір – бір үйдің бақыты,
боздағы... Е)Егер жазатайым жылқысын алдырған жігіттер біліп қалса, соңынан
қуғыншы қуған күннің өзінде де, бұл онша саса қоймайтын.

49.Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі, анықтаңыз.


Мен үйге кіргенде, күн батып, үй іші қара көлеңке боп қалған еді.
А)Әр алуан жарыспалы В)Бірыңғай жарыспалы С)Сатылы көп бағыныңқылы Д)Мезгіл бағыныңқылы Е)Шартты бағыныңқылы

50.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.


А)Биылғы қыс суық болған жоқ. В)Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің. С)Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс. Д)Бұның дұрыс болмады – деп әкесі ренжіді. Е)Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.

51. Жалғаулықты себеп - салдар салаласты табыңыз


А) Талғат есепті шығара алмады және оған қиналмады. В)Жаманшұбарлықтар қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді қорада ұстау керек. С) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді. Д) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды. Е) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырады.

52.Құрмалас сөйлемді табыңыз.


А)Әкесі баласына сүйсініп те, мақтанып та қарады. В)Олар кеше келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ еді. С)Баласы қатты ауырған - ды. Д)Марат кеше көш соңында қалып қойды. Е)Болат ренжи қарады.

53. Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз.


А)Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады. В)Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар. С)Сережа өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша - олар әлгі партизан шалды көз алдарында шын көріп тұрғандай болды. Д)Бұл жерде не сен тұрарсың, не мен тұрармын. Е).Күш - білімде,шешендік - тілінде.

54.Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.


А)"Бұл бала - менің інім" деді Ержан. В)Бүгін бірінші сабақ болмайды. С)Кеше үйірмеге жазылмақ болып, оқушылар сарайына бардым. Д)Гүлдерге су құйылмағандықтан, құрғап кетіпті. Е)Данияр Мәскеуден келді.

55.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.


А)Бүгін жаңа ай туды. В)Ертең апам келеді. С)Табиғаттың тұла бойы - тұнған сыр, оның тілін білсең, ешқашан қор болмайсың. Д)Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды. Е)Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
56.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласты көрсетіңіз.
А)Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ болып атқан екен. В)Мұғалімнің сөзіне Кәрім шыдап отыра алмай, отырған орнынан қайта-қайта ұшып тұра берді. С)Көптің мақұлдауы болмай,колхоз қаражатын ешкім де жұмсай алмады. Д)Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Е)ұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды.

57.Себеп бағыныңқылы сабақтастың сұрақтары.


А)Қайтсе де? Қайткенмен? В)Қашан? Қашаннан? С)Қалай? Не етпестен? Д)Неліктен? Неге? Е)Не үшін? Қайтпек болып?

58.Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың қай түрі, анықтаңыз. Мен үйге кіргенде, күн батып, үй іші қара көлеңке боп қалған еді.


А)Бірыңғай жарыспалы В)Әр алуан жарыспалы С)Шартты бағыныңқылы
Д)Себеп бағыныңқылы Е)Сатылы көп бағыныңқылы

59.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.


А)Еңбек - ана, білім - қазына. В)-Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы.
С)Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келеді. Д)Шіркіннің киген киімінде
бір кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше. Е)Ексең егін, ішерсің тегін.
60.Сөйлемнен сабақтас құрмаласты табыңыз.
А)Досын сатқан жандардан жиренемін: Отанын да ондайлар сата алады.
В)Адамдармен достас, бірақ достың көптігіне сенбе. С)Өзіңді - өзің сыламасаң,
өзгеден сый дәметпе. Д)Ол бірде жер бауырлап сүйретіледі, бірде тұра сала жүгіреді.
Е)Сен дайын ереже ұсынасың,- менің оған көнгім келмейді.

61.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.


А)Көпті үлгілі болсын десең, оның алдында өзің де үлгілі бол.
В)Қазақ-қазақ болғалы, көрдік қой талай хандарды.
С)Ақын жауабын аяқтады, жастар тағы сұрақтар жаудырды.
Д)Көшпелі елдің қоры болғанша, егінші елдің зоры бол.
Е)Арқалаған ауыр жүгім түскендей, Көргендеймін еңбегімнен жемісті.

62.Қай сөйлем аралас құрмаласқа жатады, табыңыз.


А)Түк білмеген кісіше қаннен - қаперсіз маңқиып жүрсе де, үйде де, түзде де
құлағын түрік ұстады. В)Тақа болмағанда көп дүрмектің арасына ілесіп,
атын құйрықтастырып отырады. С)Әкеңнің әлі ақыл - есі дұрыс, көңілін
сұрай келген кісілерді таниды деген соң, Ақбаланың жүрегі орнына түсті.
Д)Ілгеріде шаң көрінді. Е)Бірақ, оның есесіне, штаб төңірегіндегі офицерлер
арасында басқа бір әңгімелер айтыла бастады.

63. Жыртық шапанның өңі жұртта жатқан шүберек тәрізді, сонда да жылуы бар.


Салалас түрін анықтаңыз.
А)Ыңғайлас В)Талғаулы С)Кезектес Д)Қарсылықты Е)Түсіндірмелі

64."Кейде" жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екенін көрсетіңіз.


А)Себеп - салдар салалас В)Талғаулы салалас С)Кезектес салалас
Д)Қарсылықты салалас Е)Ыңғайлас салалас

65.Не, немесе,я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.


А)Қарсылықты В)Себеп - салдар С)Талғаулы Д)Ыңғайлас Е)Кезектес

66.Құрмалас сөйлемді табыңыз


А)Баласы қатты ауырған - ды. В)Марат кеше көш соңында қалып қойды.
С)Әкесі баласына сүйсініп те, мақтанып та қарады. Д)Олар кеше келгенімен,
ешкімге жолыға қойған жоқ. Е)Болат ренжи қарады.

67.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз


А)Шынар арбадан түсе сала жүгірді. В)Тұрмыстары жүдеу, дегенмен бәрін
алдымызға қойды. С)Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, сондықтан
жұрт соған таң қалды. Д)Біреулері ызбарлы, біреулері көтеріңкі.
Е)Құрбысы шақырса, күреске қайта түсетін.

68.Шартты бағыныңқылы, кейде мезгіл бағыныңқылы сабақтасты жасаушы


омонимдес қосымшаны табыңыз.
А) - ша, - ше В) -ыс, -іс, -с С) -ып, -іп, -п Д) -са, -се Е) -ар, -ер, -р

69.Себеп - салдар салаласты көрсетіңіз


А)Ертең жұмыс күні еді, ертерек жатайық. В)Сөз күші - көп нәрсені аз сөзбен айту.
С)Мені жұмсаған жоқ, өзім келдім. Д)Созбақтай берсе, ең тамаша сөз де
жалықтырады. Е)Сабақта ұстаз бірде ауызша сұрайды, бірде жазбаша орындатады.

70. Бұл әзіл сияқты сөз болса да,негізінде сыр бар еді,ол ұзамай ашылды.


Құрамын анықтаңыз.
А)Салалас құрмалас В)Сабақтас құрмалас С)Жарыспалы Д)Жай сөйлем
Е)Аралас құрмалас.

71.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.


А)Биылғы қыс суық болған жоқ. В)Жақсы ұстаздық етсең, болашақта еңбегіңнің
жемісін көресің. С)Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс.
Д)"Бұның дұрысы болмады," - деп әкесі ренжіді. Е)Мысық ұйықтап жатқанда,
тынышын алма.
72.Сабақтастың мағыналық қарым - қатынасқа қарай бөліну санын табыңыз.
А) 7 В) 2 С) 4 Д) 5 Е) 6

73.Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.


А)Бүгін мені күткендердің саны есепсіз В)Күн шықты. С)Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да жақсы екен. Д)Тіл - ұлтымыздың қасиетті қазынасы. Е)Дегенмен үйге ерте келгендіктен,бәріне үлгердім.

74.Қарсылықты салалас жалғаулықтарын белгілеңіз


А)Кейде, біресе, В)Мынау, соншалық С)Өйткені, себебі Д)Әлде, болмаса Е)Бірақ, дегенмен

75.Құрамын анықтаңыз. Қара бүркіт томағасын түсірді, оны мен томағаламай, кім томағалайды?


А)Сабақтас құрмалас В)Аралас құрмалас С)Сатылы Д)Жай сөйлем Е)Салалас құрмалас



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет