Қазақ тілі пәнінен


І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет2/39
Дата05.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#90237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты4.1.3.1 Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді
толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте
толтыру/кластер құрастыру
4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде
қысқа монолог құру.

Бағалау критерийі Білім алушы
 Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
 Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды
 Берілген тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп
әңгімелейді.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

І нұсқа

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орындаңыз

Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.


Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті.

а) Бір дұрыс жауабын табыңыз. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты анықтаңыз.


A) Бурабай
В) Мектеп
С)Отан
D)Отбасы
b) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Қазақстан жерінде (қандай?)_________________________ жануарлар өмір сүреді.
Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау (кімнің?)________________бірінші міндеті.
с) Мәтін мазмұнына сәйкес болатын ақпаратты белгілеңіз.
А)Қазақстанда өсімдіктер өспейді.
В)Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел.
С)Қазақстан көпұлтты мемлекет.
D)Қазақстанда биік-биік асқар таулар жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет