«Қазақ тілі» пәнінен



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата08.02.2022
өлшемі493,13 Kb.
#25036
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
1-мәтін 

Мамандық  таңдау  –  маңызды  іс.  Уақыт  өте  дәстүрлі  мамандықтар  сұраныстан 

айырылып,  жаңа  маман  иелері  пайда  болады.  Fast  Future  британдық  агенттіктің 

футурологтары  2030  жылы  сұранысқа  ие  болып,  кең  жайылатын  мамандықтардың  тізімін 

болжады. 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына 

мынандай маман иелері қажет болады: 

 Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту 

сынды  адам  өмірі  мен  өлімінің  этикасына  қатысты  мәселелерді  шешу  керек.  Ғалымдардың 

ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен. 

Ғарыш  туризм  мамандары:  ұшқыштар,  бортинженерлер  мен  гидтар.  Дамыған 

технология  ғарышқа  саяхаттауға  мүмкіндік  беріп,  жаңа  жұмыс  орындарымен  қамтамасыз 

етеді. 


Жер  болашақта  үлкен  құндылыққа  айналып,  жерді  үнемдеу  өмірдің  кез  келген 

саласында  байқалады.  Өндіріс  пен  шаруашылық  көп  жерді  алмас  үшін,  «тігінен  тұратын 

фермалар  мен  өндіріс  орындары»  көбейеді.  Осы  салада  жұмыс  істей  алатын  мамандардың 

қажеттілігі де артады. 

Климат  өзгерісі  бойынша  маман  болашақта  ең  жиі  кездесетін  мамандықтардың 

қатарында болады. 

Қарт  кісілердің  денсаулығын  күтуші  маман  тек  үлкен  кісілерге  медициналық  көмек 

көрсететін болады. 

Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады. 

Ал виртуалды әлемді жинастыратын адам электронды пошта, гаджеттер мен компьютердегі 

файл мен папкаларды реттеп береді. 

  

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/13696/



 

 

2-мәтін 

2020  жылға  қарай  әлем  бойынша  еңбек  нарығында  40  млн  жоғары  білімді  маманға 

қажеттілік  болады  деген  болжам  бар.  Дегенмен,  ірі  мемлекеттердің  тұрғындарында  «Білім 

алған  саламыз  сұранысқа  сай  болмай  қалмай  ма?»  деген  күдік  пен  үрей  басым  екен.  Pew 

Research Center жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс 

орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім  алуға дайын екендіктерін айтыпты.  Сонымен 

қатар,  аталған  баяндамада  сарапшылардың  48  пайызы  болашақта  робот  техникасының 

дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың 

адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамту деңгейі төмендеуі мүмкін.  

2015  жылы  Оксфорд  университетінің  баспасынан  Ричард  Сасскинд  пен  Дэниель 

Сасскиндтің  «Мамандықтар  болашағы»  (The  Future  of  the  Professions)  атты  кітабы  жарық 

көрген.  Онда  болашақта  қазіргі  мамандықтарды  екі  түрлі  өзгеріс  күтіп  тұрғаны  айтылған. 

Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер 

емделушімен  Skype  арқылы  байланысады,  сәулетші  дизайн  жасау  үшін  компьютерлік 



бағдарламаларды  қолданады.  Екіншіден,  технологиялар  кез  келген  салада  проблемаларды 

шешудің  тиімді  тәсіліне  айналады.  Мысалы,  жоғарыда  айтылған  медициналық  онлайн 

диагностикалау  маманының  жұмысын  жеңілдетсе,  кейбір  жаңа  технологиялар  кесірінен 

қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін.   

 

https://egemen.kz/article/154229-bolashaqta-qanday-mamandyqtar-payda-bolady



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет