«Қазақ тілі» пәнінен



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата08.02.2022
өлшемі493,13 Kb.
#25036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
3. Күтілетін нәтижелер 

1)  тыңдалым және айтылым: 

білім  алушы  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  оқу-

кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық 

түрде  берілген  нысандарын  таниды;  әртүрлі  өмірлік  жағдаяттарда  ауызша  тілдік  қарым-

қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын 

іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады 

және  диалогті  қолдайды;  проблемалық  сипаттағы  ақпаратты  жинақтай  отырып,  монолог 

құрастырады;  өз  пікірін  қорғайды  және  дәлелдейді;  өз  пікірін  білдіре  отырып,  әңгіме 

нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын 

болжайды;  өз  сөздерін  ресімдеу  кезінде  грамматикалық,  стилистикалық  нормаларды 

сақтайды; 

2)  оқылым: 

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-

тегжейлі  ақпаратты  (мәтіндік,  сандық,  графикалық)  түсінеді  және  өзінше  түсіндіреді; 

мәтіннің  астарлы  мағынасын  түсінеді;  зерттеп,  шолып,  таңдап,  белгілеп  оқуды,  арнайы 

ақпарат  алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі  бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу 

стратегияларын  пайдаланады;  әртүрлі  дереккөздерден  қажетті  ақпараттарды  алады,  оларды 

талдайды  және  жинақтайды;  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени 

және  оқу-танымдық  аяларына  қатысты  мәтіндердің  құрылымдық,  лингвистикалық  және 

стилистикалық  ерекшеліктерін  салыстырады;  дәлелдер  мен  фактілерді  ажырата  отырып, 

ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды; 

3)  жазылым: 

білім  алушы  естіген  және  оқыған  ақпараттарын  жинақтай  отырып,  әртүрлі  типтегі, 

жанрдағы  және  стильдегі  мәтіндерді  жазады;  ақпаратты  ұсынудың  әртүрлі  нысандарын 

пайдалана  отырып,  мәтін  құрастырады  (оның  ішінде,  баспа);  ұсынылған  ақпаратты  талдау 

және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, 

және  т.б.)  жазады;  әртүрлі  типтегі,  жанрдағы  және  стильдегі  мәтіндердің  құрылымдық- 

композициялық,  тілдік  ерекшеліктерін  салыстырады;  анықтамалық  материалды  пайдалана 

отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша күрделі және 

жан-жақты  жоспар  жасайды;  орфографиялық,  грамматикалық  және  стилистикалық 

нормаларды сақтайды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет