«Қазақ тілі» пәнінен



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата08.02.2022
өлшемі493,13 Kb.
#25036
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
 

2-мәтін 

Адами құндылықтар алға жетелейді 

Қазақтың  әдептілік,  әділдік  атты  құндылықтарын  қазақ  философиясы  баға  жетпес 

қазына  деп  таниды.  Осындай  ұлт  намысының  абыройының,  қадір-қасиетінің  қаншалықты 

жоғары  деңгейде  бағаланғанын  аңғаруға  болады.  Кез  келген  адамның  адами  санасы  мен 

мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет – ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның 

адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік 

дейтін  құнды  қасиеттерді  бағалайтын  жүйелі  моральдық  мәдениеттілік,  саналық  этика  мен 

әлеуметтік  психологиялық  ұғым.  Адамның  намысы  мен  ұяты  түрлі  қызмет  атқарады;  ол 

кезкелген  тұлғаның  жан  дүниесіндегі,  ішкі  санасындағы  білінбейтін,  көрініс  бермейтін 

тәртіп  ұят  сақшысы  сияқты,  адамгершілікке  жанаспайтын  теріс  іс-әрекеттер  істеуден  аяқ 

тартқызып,  сақтандырып  ғана  қоймай,  пасық,  жымысқы  ниеттерден  де  алыстап  бойынан 

арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадір-

қасиеттің  категорияларын  алғаш  болып  Рим  стоицизмнің  соңғы  кезеңінің  өкілдері  Сенека, 

Эпиктет,  Марк  Аврелий  зерделеген  Сенеканың  флософиясында  мәдениеттілікке  этикаға 

деген  көзқарасы  басым.  Эпиктет  адамның  қоғамдағы  ар-намысы  мен  абыройын  сақтап 

қалуды  үйреткен,  озбырлықпен  алдап  тапқан  пайданың  адамға  әкелетін  еш  абыройы  мен 

қадірі  жоқ  екендігін  ойда  болған.  Рим  императоры  Марк  Аврелий  бүкіл  әлемге  өзінің 

адамзаттың  бірінші  байлығы  шынайы  өмір  сүру  қағидалары  туралы  насихаттарымен 

танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай 

атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн 

«Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.

  

https://halyqline.kz/qogam/aleumet/adami-qundylyqtar-algha-zhetelejdi/



 

 

 



1-мәтін 

2-мәтін 


Тақырыбы 

 

 



Жанры, жанрлық ерекшеліктері қандай? 

 

 



Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады? 

 

 



Мәтіндер қалай ресімделген? 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет