Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері


Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі22,42 Kb.
#12021
1   2
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНДІ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ

1.1. Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Мәтінді оқығанға дейінгі кезең;

2.Мәтінмен жұмыс кезеңі;

3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;

 

1.0. Мәтін оқығанға дейінгі кезең мынадай бағытта жүргізіледі:

1 .Бірнеше бөлімге бөліп оқыту;

2.Бөлімдерге ат қою;

3. Негізгі, жаңама ойды таптыру;

4.Мәтін бойынша сұраққа жауап беру;

5.0кығанның мазмұнын айту;

6.Жоспар құру.

1.3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең:

7.Жағдаят шешу;

8.Пікірталас;

9.Мәтінге ат қою;

10. Диалог, ситуация құру;

11. Шығармашылық тапсырмалар орындау;

12. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.

Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім денгейлеріне қарай топтарға бөлініп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін қазақ тілінде оқудын ерекшеліктерін менгерткен жөн:

аү қазақтіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы;

әү ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір - бірінен ажырата білу;

бү «О» дыбысының қазақ тілінде ешқандай өзгеріссіз болатынын түсіндіру;

Мәтінді оқудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолданамын:

1. Дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу әлементтерін менгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі- оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.

2. Іштей оқу - бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беремін де, қай жерге дейін оқу керектігін белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшаңдықтарының мөлшерін өзіме белгілеп отырамын.

3.Араласып оқу ү кезекпен оқу ү.

4.Буынға бөліп оқу.

5.Мәнерлеп оқу.

6.Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай ырғағымен оқу.

Оқушыларды шапшаң оқута дағдыландыру, әрине, өте жақсы. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы толық түсініп оқыды деген сез емес. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс - тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Бұл жерде айтатыным, күнделікті сабақ сайын мәтіннін бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен шектеліп калмау керек. Ол балаларды зеріктіріп. ынтасын кемітіп, ойлану қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістер қолдануды жөн көрдім:

1 .Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

2. Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айқызу;

3.Мұғалімнің сұрағына дайын жауап беру;

4. Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру:

5. Оқыған мәтінге немесе бөлімге тақырып қою;

6. Үлестірмелі кәртішкелерге мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Сол бойынша мәтіндегі ойды әңгімелейді;

7. Мәтіннің мазмұнына сай келетін суреттерді таңдап алып, соларды пайдалана отырып, әңгіме құраута болады.

8.Жоспар құрғызып, мәтіннін мазмұнын түсінгендерін тыңдау.

Мәтін бойынша сабақ өткізу әдісі. Өзге оқулықтар тәрізді қазақ тілі оқулығы да оқытуды жүзеге асыруда шешуші қызмет атқарады. Психология ғылымын зерттеушілердің пікіріне сүйенетін болсақ, бала неғұрлым жас болған сайын өзге тілді қабылдау, игеру мүмкіншілігі соғұрлым жоғары болады. Мақсат - оқушыны жас кезінен бастап - ак қазақ тілін әдеби норма бойынша үйретуге дағдынандыру. Осыған байланысты сөзді дұрыс айту жағына, дұрыс қолдаңу жағына баса назар аудару керек, өйткені бала жас кезінде қалай дағдыланса, сол қалпын үлкейгенде оңайлықпен бұза алмайды, сондықтан теріс дағды қалыптаскан ересектең таза қалпыңдағы жасты оқытып - үйрету әлдеқайда жеңіл болады.

Мәтіндерге берілген барлық сөздер мен грамматикачық материалдарды бір сабақ үстінде үйретуді мүмкін емес, сондықтан үйретілуте тиісті сөздермен грамматикалық материатлдарға баса назар аударылуы қажет. Мәтіндерді іріктеп алып, ұтымды пайдалануда мұғалім белгілі бір принциптерді белгілеп алып, оларды өзіне таяныш ету керек.

1. Мәтіннің тақырыпқа сәйкестілігі, тәрбиелік мәні. Мәтіннің тақырыпқа сәйкестілігі, тәрбиелік мәні оқыту жүйесіндегі аса бір қажетті мәселенің бірі.

2. Мәтіннің оқу арқылы менгертілуі. Мұғалім мәтінді ең алдымен талапқа сай сөзді оқып шығып, оқудың үлгісін көрсетеді. Осы кезде оқушылар оқулықтарына қарап отырып, оқудың үлгісін көрсетеді. Осы кезде оқушылар оқулықтарына қарап отырып, оқудың техникасына баса назар аударылады. Оқушылардың қатысуымен мәтіннің мазмұны түсіндіріледі, сөздік жұмысы жүргізіледі, мақсат - тіл дамыту. Жоғары сыныптарда мәтін оқушылардың өздеріне оқыттырылып, қателері болса, мұғалімнің көмегімен, не басқа баланың қатысуымен түзетіледі. Жаңа сөзде болса, айрықша түсіндіріліп, сөздік дәптерге жазылады.

3. Мәтіннің сұрақ - жауап әдісі арқылы игерілуі. Бұл - мәтінді игерудің аса бір ұтымды жолы. Сұрақ бірде мүғалім тарапынан қойылып, оқушылардың қатысуымен жауап қайтарылса, бірде сұрақты оқушылардың өздері қойып жауапты өздері қайтарады, бірақ мұғалімнің тікелей бақылауы, ретті жерлерінде араласып отыруы аса қажет.

4. Мәтіндегі жаңа сөздер мен грамматикалық материалдардың менгерілуі. Мәтіндегі жаңа сөздерді игеру оқушылардың лексикалық қорын байытуға, қазақша сөйлей білу мүмкіншілігін арттыруға тікелей жағдай жасайды. Жаңа сөздерді менгеру мұғалімнің тікелей түсіндіруі арқылы, сұрақ - жауап әдісін тірек ете отырып, сол сөздің қатысуымен әртүрлі сөйлемдер құрау арқылы сөздік жұмыстарын пайдатану арқылы іске асады.

Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой -өрісін дамьтуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды еңгізу күннен - күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшеюде. Оқу бағдарламасына жаңа үрдістер, жаңа оқу технологиялары көптеп еңгізілуде. Солардың бірі М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» өзімнің практикамда қолданамын.

Қазақ тілі сабағын оқытуда жаңа технологияның өзіне тиімдісін қолдана отырып оқушының мүмкіншіліктеріне қарай денгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, тіл байлығын, сөздік қорын байытуға арналған мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.



Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың білім сапасын жоғары көтере алады. Білім сапасын көтеру дегеніміз - оқушыны жоғары денгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, тіл үйретуде мәтінмен жұмыс түрлерін тиімді пайдаланып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет