ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Ш. Б. Сағатова,
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
E-mail: astana14_14@mail.ru
Тел. 87782223750
Нұр-Сұлтан – 2020
Сабақтың тақырыбы: Атаның емес, адамның баласы бол...
Сабақ мазмұны:
1. Қазақ дүниетанымындағы адами келбет. Елге қажетті игілікті іс. Ел кәдесіне жарау, елдің өркендеуіне үлес қосу, отанға қызмет ету туралы ғибратты ойлар.
АТАНЫҢ ЕМЕС, АДАМНЫҢ БАЛАСЫ БОЛ...
2. Қоғамдық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық сала бойынша орындалатын/орындалған іс-әрекет туралы сипаттама ақпарат беру, тұжырым жасау, негіздеу, дәлелдер келтіру; Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу, меңгеру
Қазақ дүниетанымындағы адами келбет. Елге қажетті игілікті іс. Ел кәдесіне жарау, елдің өркендеуіне үлес қосу, отанға қызмет ету туралы ғибратты ойлар.
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
3. 100 жаңа есімге енген адамдар туралы ақпарат жинаңыз.
4. Сөздік диктант. Отбасы, әулет, туыс ұғымдарына қатысты сөздерді жазыңыз.
5. Абайдың 37-қара сөзін оқып, жаттаңыз.
Есімізге түсірейік!
Морфология сөз және оның формаларын тексереді. Сөз формасына сөздің негізгі және туынды түбірі, біріккен, қосарланған, қысқарған сөздер, әртүрлі қосымшалар: сөз тудыратын, сөзге қосымша мағына беретін, сөз бен сөзді байланыстыратын түрлері енеді.
Морфология сөзді топтарға бөліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды.
Әр сөз табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.
Сөз түбір мен қосымша сияқты түрлі бөлшектерден тұрады. Сөздің бастапқы мағына беретін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады.
Есімізге түсірейік!
Қосымша жалғанған сөз қосымшалы сөз деп аталады.
Қосымшаның екі түрі бар: 1) жұрнақ; 2) жалғау.
Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнінтүрлендіреді.
Жұрнақ екіге бөлінеді:
1) сөз тудырушы жұрнақтар;
2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, жаңа сөз тудырмайды.
Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке,т.б.
ЖАТТЫҒУЛАР ОРЫНДАУ
7. 9-17-тапсырмаларды жазбаша орындаңыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, бүгінгі сабақта сіздермен қазақ дүниетанымындағы адами келбет туралы біршама ой қозғадық, жұрнақтарды қайталадық.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Жастықта бір күлгенің мың қаралық.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Егер ісім өнсін десең - ретін тап.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Еңбек - қуаныш,
Жалқаулық – арылмас азап.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.
*АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛАДЫ*
Орынды іске жүріп ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған. Қасиетті болмайды, ондай жігіт, Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.