«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Ч фонемасының болмауы және оның ш



бет30/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Ч фонемасының болмауы және оның ш дыбысымен алмасуы, ал ш дыбысының с дыбысымен алмасуы, мысалы, қаш- < қач- «қашу», қыс < қыш «қыс» т.б.;

  • Көрші дауыссыз дыбыс ықпалымен жүзеге асырылатын м~б~п сәйкестігі;

  • Дауыссыз дыбыстар позициясына орай болатын н~д~т сәйкестіктері т.б.


    Қыпшақ-половец тілдері

    Армян-кыпшақ тілі

    Армян-қыпшақ тілін ұстанушы эрменилер («армяндар») өз тілдерін үш түрлі атаған: хыпчах тили «қыпшақ тілі», бизим тил «біздің тіл» (армян тіліне қарама-қарсы қою) және татарча «татарша».

    Ол түркі тілдерінің қыпшақ-половец топшасына жатады.

    Тарихта армян-григориан христиандығын қабылдаған қыпшақтілді армяндардың жазба ескерткіштері бойынша белгілі. Олар: Каменец-Подольскіде, Львовта, Луцкіде, Могилев-Подольскіде, Сучавта, Серетте, Замостьеде, Яссыларда, Аккерманда және Украинаның, Польшаның, Румынияның, Молдованың т.б. қалаларында үлкен колониялармен (топтармен) тұрған. Бұл жерлерге олар Қырымнан (негізінен Кафа – Феодосиядан) қоныс аударған болатын. Сондай-ақ, монғол шапқыншылығынан кейін Армениядан да келген болуы ықтимал. Эпиграфиялық ескерткіштер, сонымен қатар, XII-XIII ғасырларда Армения аумағында армян-григориандығын қабылдаған қыпшақтар тұрғандығын да көрсетеді.

    Арменияның Ширак облысы Артық ауданындағы Арич кешенінде сақталып қалған монастырлардың бірі Хпчахаванк «Қыпшақ монастырі» деп аталады.

     Армян жазуымен жарық көрген ескерткіштер ондаған мың беттерден тұрады. Олар негізінен 1524 жылдан 1669 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Санамалап айтар болсақ, Каменец-Подольск қаласының армян-войт сотының 28 актілер кітабы (1572-1663), Львовтағы армян діни сотының актілері, кассалық және метрикалық кітаптары, 1620-1621 жж. болған Цецор кампаниясы мен Хотин соғысы оқиғаларын сипаттайтын «Каменец хроникасы» атты ескерткіш, «Венеция хроникасы», «Польша хроникасы», Мхитар Гоштың Сот кітабы (немесе төрелік кітабы), оған қоса 1519 ж. Поляк королі Сигизмунд бекіткен көптеген қосымша баптар мен түсініктемелер, армянша-қыпшақша 5 сөздік пен бірнеше сөзтізбе (глоссарий), Андрей Торосовичтің «Секреты философского камня» (1626) атты шығармасы, Псалтырьдің толық аудармасының екі нұсқасы (5 көшірме), армян дұғаларының бірнеше аудармалары, оның ішінде 1618 ж. Львовта типографиялық тәсілмен басылған бір кітап бар, апостол Павелдің жолдау-жазбалары, Антон тақуаның үш бірдей уағыздар кітабы, бірнеше әулиелердің өмірлері жайындағы жазбалар, пасхалийлер, күнтізбелер, жеке адамдардың көптеген құжаттары.

    Қазіргі кезде аталмыш тілде жарық көрген 108 қолжазба мен 1 баспа кітабы белгілі.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет