«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет35/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Ерекшеліктері:

Фонетикасы бойынша – 8 дауысты (а, е, ы, и, о, ө, у, ү), олар негізінен сөздің барлық позицияларында тұрақтылығымен ерекшеленеді, тек ы, и қысаң дауыстылары ғана үнді дыбыстармен тіркескенде түсіп қалуға бейім (редукцияға ұшырайды);

ө, ү дауыстыларының шартты түрде о, у әріптерімен таңбалануы салдарынан соңғы 60 жылдай уақытта әсіресе жастар сөздерді жазылуы бойынша дыбыстайтын болды, мысалы: корьди сөзін осылайша «корди» деп оқу, дұрысы: көрді и / көрдү),

халықтың осылайша тіл алды дыбыстарды жаппай өзгертіп айтуынан қырым татарлары тіліне мүлдем жат депалатализация құбылысы жиі байқалады;

ерін үндестігі шектеулі сипатта болса, дауысты дыбыстардың бірыңғай жіңішке немесе бірыңғай жуан дыбысталуы (палатализация) (көрип «көріп», турып «тұрып») кеңінен орныққан; әдеби тілде (терең) тіл арты қ/қ дыбысының сақталуы (қара «қара», ақсақ «ақсақ»);

морфологиясында – қыпшақ тілдеріне тән септеу және жіктеу түрі сақталған; қыпшақы формалармен қатар оғыз тобына тән бірқатар етістік тұлғаларының қолданылуы кездеседі, мысалы, есімшенің –мыш тұлғасы, ‑дық формасымен келетін етістік атауы (қимыл атауы);

лексикасында – оғыз тілдерінен енген кірме сөздерді екі топқа бөлуге болады: ескі оғыз-печенег және жаңаоғыз-осман сөздері; негізінен әдебиет арқылы (түрік тілі арқылы) енген араб-парсы сөздері; кеңес кезеңінде орыс, өзбек т.б. тілдерден енген интернационализмдер; жаңадан түрік тілінен енген және кеңес кезеңінен кейін пайда болған қыруар неологизмдер кездеседі.

Қырым татарлары тілінде бір-бірінен қатты ерекшеленетін үш диалекті бар: орта (орта йолақ «орта жолақ» – ескі және жаңа оғыз элементтері бар қыпшақ-половец); солтүстік немесе дала диалекті, ол қыпшақ-ноғай тілдеріне біршама ұқсас келеді (ж дыбысының кездесуі (джеканье), еріндік дауыстылардың делабиалдануы (езулікке алмасуы/айналуы): кирек / әдеби. күрек «күрек»); оңтүстік немесе оңтүстік жағалауы диалекті (түрік тіліне жақын және оғыз тілдері тобына ұқсас).



Дәстүрлі жазуы XIX ғасырдың соңында Исмаил Гаспринский қырым татарлары тіліне лайықтап бейімдеген, араб әліпбиіне негізделген жазу.

1928 жылдан 1938 жылға дейін латын графикасы, содан кейін қосымша символдарсыз орыс алфавиті қолданылды, бірақ ғ, дж, қ, нъ таңбалары енгізілген болатын.

1996 жылдан бастап Түркиядағы қырым татарлары бұрыннан қолданып келе жатқан латын жазуы енгізілді.
Қрымчақ тілі

Қрымчақ (қрымчах) тілі шығу тегі жағынан қыпшақ тілі болғандықтан, түркі тілдерінің қыпшақ-половец топшасына жатқызылады. Алайда қазіргі қрымчақ ауызекі тілінде, әсіресе, жазба тілінде оғыз элементтері өте көп болғандықтан, қрымчақ тілін қыпшақ-оғыз аралас тілі деп атауға болар еді.

Д.И.Реби, Б.М.Ачкинази мен И.В.Ачкиназилердің «Крымчакский язык» атты мақаласынан алынған деректер бойынша:

«XIX ғ. соңына дейін қрымчақтар өз тілін “чагатай/шағатай” деп атаған. Негізінен, Қырым аумағында таралған. 1989 ж. халық санағы бойынша, КССРО-да 1448 қрымчақ болған.

Қрымчақ жазуының арамей алфавиті негізінде пайда болуы, сірә, көне еврей тіліндегі дұғаларды аудару қажеттілігімен байланысты болса керек (XV ғ. соңы – XIV ғ. басы «Ритуал Каффы» ескерткіші).

ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарында жарық көрген Қрымчақ тілі оқу құралдарында латын алфавиті қолданылған. 1936 ж. кейін латын графикасы кириллицамен алмастырылды.

XX ғ. басында Симферополде және Қарасубазарда қрымчақ тілінде оқытатын екі бастауыш мектеп ашылды. 1989 ж. Симферопольде жексенбілік мектеп ашылды, онда әр жастағы адамдар қрымчақ тілін үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет