«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Ерекшеліктері: фонетикасы



бет33/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Ерекшеліктері: фонетикасы бойынша – 8 дауысты (а, е, ы, и, о, ө, у, ү);

сөз басында қатаң дауыссыздың келуі (тау «тау», күн «күн»);



ч, ш дыбыстарының сақталуы (челек «шелек», аша‑ «асау, жеу»);

инициалды (сөз басында) дж (джыйырма «жиырма») қолданылуы;

ассимилятивті өзгерістер: дн>нн, нл>лл, нд>мн, нъд>нън, нб>мб, дл>лл (меннен<менден «менен», толла<тонлар «тондар, тұлыптар», кесимнен<кенсинден «өзіңнен», тенънен<тенъден «жолдастан», омбир<он бир «он бір», келелле<келедилер «олар келе жатыр)»);

морфологиясы бойынша – көпше түр жалғауы толық және ықшамдалған тұлғада жұмсалады: ‑ла/‑ле және ‑лар/‑лер;

салыстырмалы шырай аффиксі – ‑лай/‑лей;

инфинитив тұлғасы ‑рға/‑рге;

терминативті көсемше тұлғалары ‑ғанлы, ‑ғынчы, ‑ғанлай (джазғанлы «жазғалы (бері)», келгинчи «келгенше/ келгенге дейін», киргенлей «кіргені сол (еді), кіргендей-ақ»);



кесімді келер шақ (будущее обязательное время) ‑рық, ‑нық, ‑лық (қаллықма «мен қаламын»);

синтаксисі бойынша – әрекет субъектісі бар бейпредикативті оралымдар қатысатын есімшелі, көсемшелі және қимыл есімді жай сөйлемдер көбірек қолданылады;

лексикасы бойынша – осетин, адыгей, абхаз тілдерінен енген сөздер, осы халықтарға ортақ мифологиялық атаулар көптеп кездеседі (құдайлар мен батырлардың, қаһармандардың есімдері).

Диалектілері: қарашай-бақсан-чегем немесе ч дыбысты (чокающий) (әдеби тілдің негізі болып саналады), малқар немесе ц дыбысты (цекающий), холам-бизингей немесе аралас диалекті.

Жазуы: араб әліпбиіндегі дәстүрлі жазу, 1925 ж. бастап – латын, 1937-1938 жж. – орыс әліпбиі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет