15-сабақ. Мәдениет пен білімнің байланысы
1-тапсырма. Сөздік қор: Ұлт мәдениеті
Тіл тазалығы
Жоғары білім беру жүйесі
Тәжірибе алмасу
Міндетті сынақ
Біліктілікті жетілдіру
Жоғары білім беру үлгісі
Сынақтан өту
Білім гранттары
Бакалавр дәрежесі
Қосымша оқу
Тыңдалым 2-тапсырма. Қазақ тілі туралы ойшылдардың пікірі.
Фильмнен кейінгі жұмыс Пікір алмастырыңыз:
Адамның жеке мәдениеті
Тіл тазалығын сақтау
3- тапсырма.Мәтін бойынша өз ұсынысыңызды айтыңыз
Оқылым Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі де кең ауқымды. Жоғары білім беру жүйесінің аясында институт, жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Бұл оқу орындарына түсу үшін талапкер арнайы міндетті сынақтан (тест) өту керек. Білім министрлігі бөлген арнайы гранттарды конкурс бойынша сынақтан ең жоғары балл жинаған талапкерлер иемденеді. Олар жоғары оқу орнында тегін оқиды. Басқа жағдайларда талапкер оқуы ақылы. Жоғары оқу жүйесі қазіргі уақытта батыс елінің жоғары білім
беру үлгісін басшылыққа алады. Бұл үлгі бойынша студент төрт жыл оқып бакалавр, қосымша екі жыл оқып магистр дәрежесін алады.
4-тапсырма: Көмекші есімдерді қатыстырып, берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз:
оқу жүйесі, жоғары білім, кредиттік технология, оқу-әдістемелік кешендері, мемлекеттік емтихан, тереңдетіп оқыту, жаңаша әдіс- тәсілдер, білім нәтижесі, сессия қорытындысы.
Айтылым 5-тапсырма. Өз оқу орныңыз жайлы, кредиттік технология жүйесі туралы ойыңызды айтыңыз.
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
16-сабақ Бақылау жұмысы 1.Сөздік диктант
2. Сауалнаманы толтырыңыз
Сауалнама