13-сабақ. Адамгершілік әліппесі
1-тапсырма: Сөздік қор: Істі бастау
Адамның адамшылығы
Азат болу
Тәрбиелі болу
Адамгершілік мәселесі
Адамгершілік қасиеттер
Адамды қуанту
Әрекет жасау
Нақты әрекет
Жағымсыз әдеттер
Адамгершілікті қалыптастыру
Күнделікті тұрмыс
Оқылым 2-тапсырма. Адамгершілік жайында өз пікіріңізді білдіріңіз
Ұлылардан ұлағат:
Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да. (М.Шоқай)
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма? Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс. (М. Дулатов)
Сөйлесім 3-тапсырма. Топпен жұмыс. Жағдаяттық тапсырма:
1топ Жексенбіде топпен бірге балалар үйіне бардыңыз. Бір кішкентай бала сізбен ойнағысы келді. Баланы қуанту керек. Әрекет жасаңыз.
2 топ Университетке асығып бара жатырсыз. Сабақ басталуға аз уақыт қалды. Жолда қарт әже емханаға жеткізіп салуды өтінді. Не істей аласыз?
Жазылым 4-тапсырма. Досыңыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерді нақты істерімен дәлелдеп жазыңыз
Айтылым 5-тапсырма. Қазақ халқы тәрбие мектебінде жаман әдеттерден аулақ болып, адамгершілік қасиеттерді адамның бойына сіңіруде тыйым сөздерді күнделікті тұрмыста қолданған. Адамгершілік әліппесінің қалыптасуында тыйым сөздердің мәні зор.
Есте сақтаңыз, мағынасын түсініп, жаттап алыңыз: 1.Дастарханды, тамақты баспа. 2.Кісі мініне күлме, кемтарға күлме. Көкті жұлма. Табалдырықты баспа, отырма. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме. Адамға пышақ, мылтық кезенбе. Бос бесікті тербетпе. Жақын адамға пышақ сыйлама. Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме. Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма. Бейуақытта ұйықтама. Бейуақытта кісіге көңіл айтпа. Үйге жүгіріп кірме. Жалғыз ағашты кеспе. Құстың ұясын бұзба. Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама. Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама.