Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
5-апта. Лексикалық тақырып:
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ
1. Ұрпақ арасындағы қайшылық
2. Мүмкіндік пен қажеттілік арасындағы қайшылық
Грамматикалық тақырып: Шартты мәнді құрылымдар:
етістік+са/се
|
17–сабақ. Ұрпақ арасындағы қайшылық.
1-тапсырма.
Сөздік қор:
Ұрпақ арасындағы қайшылық
Ұрпақ құндылығы
Саналы ұрпақ
Өзінді тану
Бесік тәрбиесі
Балдырған тәрбиесі
Өрен тәрбиесі
Жасөспірім тәрбиесі
Жастар тәрбиесі
Текті жер
Өмірін жалғастырушы;
Қыруар уақыт
Балағат сөз
Әке қас-қабағы
Құлағына құю
Адамның рухани әлемі
Рухани тәрбие беру
Жеке тұлғаның қалыптасуы
Тыңдалым
2- тапсырма.
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Интерпретация жасау.
1.Тәлім тәрбие дегеніміз не?
|
|
2.Тәрбиенің қандай түрлері бар?
|
|
3.Адамдардың көзқарастары
|
|
4.Жеке тұлға дегеніміз кім?
|
|
Жазылым.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру (диалог беру, монолог-ойын баяндау)
1) «Ұрпақ аманаты» дегенді қалай түсінесің?
2) Саналы ұрпақ тәрбиелеу дегенді қалай түсінесің?
3) «Өзінді тану» сөзіне өз пікіріңіз.
4) Жеке тұлға болып қалыптасуға не зиянды әсер етеді?
Оқылым.
4-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, түйінді ой қорыту.
Ұрпақты тәрбиелеудегі құндылықтар
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз.
Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы кең, жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек.
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
18-сабақ. Ұрпақ арасындағы қайшылық.
Жазылым.
1- тапсырма. Берілген сұрақтарға өз ойыңызды жазыңыз.
Еркіндік деген не? Қатаң тәртіп деген не?
1.Менің ойымша......
2.Өйткені...
3. Мысалы.
4.Қорыта келгенде....
Еркіндік – жан қасиеті.
Айтылым.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып мағынасын ашып түсіндіріңіз. Қандай жағдайда айтылатынын түсіндіріңіз.
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1.«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің»
2. «Анасына қарап, қызын ал»
3. Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады»
..........................................................................
.........................................................................
.............................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |